Дүние жүзі тарихы 7сынып
Сабақтың тақырыбы: §14. ХІ - ХҮ ғасырлардағы Англия
● Мақсаты: Нормандардың Англияны жаулап алуы, бір орталықтанған мемлекет құрудағы мақсатын, Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісі туралы түсінеді;
● Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттері дамиды;
● Ынтымақтастық, адамгершілік ортасын құрып, бірлікте жұмыс жүргізеді.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Өзара белсенділікті арттыру әдісі, СТО стратегиялары, Блум таксаномися.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: ХІ - ХҮ ғасырлардағы Англия тарихын тереңірек біледі, мемлекет билеушілерінің тақ үшін күрес нәтижесін саралайды, басқару жүйесінің ерекшеліктерін ашады, өз бетінше қорытынды жасайды. СТО әдісі бойынша мәтінді оқи отырып, білімді өз беттерімен меңгеру, өзін - өзі реттеу дағдылары дамиды. Топпен жұмыс жасай отырып; сыни ойлау қабілеті дамиды, өзіне сенімі артады, ұйымшылдыққа үйренеді.
Блум таксономиясы. Сабақ кезеңдері. Сыни тұрғыдан ойлауға ынталандыратын кезеңдермен байланыс.
Мұғалімнің іс - әрекеті: Ұйымдастыру кезеңі: Мақсаты: оқушы көңіл - күйін бағыттау, сабаққа ынтасын ояту арқылы психологиялық ахуал тудырады. Топтарға бөліп алады. Бақылаушының бағалау парағын үлестіру. Топтың кезекті топ басшысын сайлау. Топ мүшелерінің міндеттерді бөлісуін еске салу.
Оқушылардың іс - әрекеті: бағдаршам түстері бойынша қызыл түстер №1топ, сары түстер №2топ, жасыл түстер №3топ түстер белгіленіп қойылған парталарға барып оқушылар отырады. Кезектескен көшбасшы топтағы оқушыларға міндеттер бөлінуі бойынша атқарған істерін бақылап, соңында өз тобының оқушыларын бағалайды.
Ойлаудың білу мақсатында: Қызығушылықты ояту. Оқушы меңгеретін және оған берілетін білім негіздері.
Миға шабуыл Топтық жұмыс. ҰСМҚ ПОПС әдісімен жауап беру.
1. Менің ойлауымша немесе ұстаным: 2. Себебі: 3. Оған мысал: 4. Қорытындысында\немесе нәтижесінде\:
1-топ; ХІ ғасырдағы Францияда феодалдық иеліктерге бөлінудегі ерекшеліктері.\Жауап үлгісі\
Ұстаным: Менің ойымша феодалдық иеліктердің корольге бағынбауында. Себеп; графтық жер иелері іс жүзінде корольге бағынуы тиіс еді. Феодализмнің негізгі белгісі бағыныштылық, бірақ олардың бағынуы тек сөз жүзінде қалды. Мысал; тұйық табиғи шаруашылықты, бытыраңқылықты бастан кешті. Қорытындысында; бытыраңқылық мемлекеттің әлсіреуіне алып келді. Формативті бағалау: мадақтау, смайлик дәптерінің бүгінгі бетіне жабыстыру.
2-топ; ХІІ ғасырдағы Францияның король иелігін ұлғайтудағы ерекшелігі. Қосымша мұғалім сұрақтар қойып, толықтырып тұрады. Мысалы: Сұрақ: король өз иелігін кеңейту үшін қандай жолдарды пайдаланды?\тиімді үйлену, антын бұзған бағыныштылар жерін тартып алу, мұрагерсіз мырзалардың жерін қосып алу\
3-топ; ХІУ ғасырдың басы ХУ ғасырдағы Францияның сословиелік монархия - орталықтанған мемлекет қалыптастырудағы ерекшелігі. Қорытындылау: ХІУ ғасырдың басы ХУ ғасырдағы Францияның сословиелік монархия - орталықтанған мемлекет қалыптасты. Король мемлекетті өзіне тәуелді шенеуіктер арқылы басқарды. Әлеуметтік топтардың ең жоғарғы билеушісі король болды.. Сөйтіп мемлекеттік істердің барлығын король шешетін болды. ХУ ғасырдың аяғында Францияны бір орталыққа біріктіру аяқталды.
Мұғалімнің іс - әрекеті: Сұрақты ұстап ал әдісімен үй тапсырмасына даярлығын тексеру.
Сұрақ:
1. Жүз жылдық соғыс қай елдердің арасында болды?\Англия мен Франция\
2. Қай жылдары болды?\1337 - 1453жж.\
3. Франция иеліктерін қайтарып алу үшін соғысты. Иеліктерін қайтарып алу не үшін қажет?\бірігіп, бір елге айналуға тиімді\
4. Соғыстың ауыртпалығы кімдерге түсті?\
5. Шаруалардың наразылығы неге ұласты?\көтеріліске\
6. Нәтижесі: Өкімет жеңді, бірақ салықты көбейтуден қорықты Оқушының іс - әрекеті: Лақтырылған допты кімге бағыттаса сол оқушы допты ұстап алып, сұраққа жауап береді.
Кезектескен интервью бір - бірінің жұмысын \кескін картамен\тексеру. Кескін картаға Франция тақырыбы бойынша шартты белгілермен тарихи оқиғаларды түсіру тапсырмасын орындаған, орындамағанын өз ара тексеріп, бағалау парағына белгі қояды.
Қорытындылау: ХІ, ХІІ, ХІУ - ХУ ғасырдағы Францияның даму ерекшеліктерін салыстырып, талдай отырып король билігінің орнауына алып келген жағдайларды оқып үйрендік. Жүз жылдық соғыста Англия мен Франция жер үшін соғыстың нәтижесін айқындадық. Шаруалар көтерілісі жеңіліске ұшыраса да салықты көбейтуді тоқтатқанын оқып үйрендік. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ортағасырлық қай мемлекет тарихын оқуға жалғасуы мүмкін?- деп жаңа сабақпен байланыстырып, сабақ тақырыбын тақтаға жазу.
Ойлаудың түсіну сатысында: Мақсаты: оқушының өткен білімді меңгеруін, таным - ізденістерін, қабілеттерін байқау. Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді.
Жаңа сабақ. ХІ - ХУ ғасырдағы Англия
Сабақ мақсатымен таныстыру;
Табыс критерийлерін оқушылармен бірлікте белгілеу.
Бағалау критерийлерін ескерту.
Мұғалімнің іс - әрекеті: ЖИГСО әдісімен тақырыпты оқып, түсінулерін ұйымдастыру.\1, 2, 3 сандары арқылы тақырыпшаларды бөліп беру\
1топ; Англияны нормандардың жаулап алу, Англияда бір орталыққа бағындырылған мемлекеттің күшеюі.
2топ; Англияда бір орталыққа бағындырылған мемлекеттің күшеюі. Парламенттің құрылуы
3топ; Уот Тайлер бастаған шаруалар көтерілісі. Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы\1455 - 1485\
Оқушылардың іс - әрекеті: Сандар бойынша тақырптарды меңгеруге бөлініп отырады. 1, 2, 3 санындағы оқушылар түсіндіреді. Өз тобына қайтып келіп өзі меңгерген бөлімді кластер арқылы түсіндіруді жалғастырады.
Ойлаудың қолдану сатысында: Жаңа сабақты меңгерту.
Мақсаты: білімнің негізгі түйінін беру, нақты, дәлелді мысалдар келтіру. Ең негізгі мәселелерді меңгеру дәрежелерін байқау. Алған білімді қолданады. Бұрыннан білетін білімдерін пайдаланып, мақсатқа жету үшін өз бетімен жұмыс істейді
Мұғалімнің іс - әрекеті: Деңгейлік сұрақтар беру.
1. – Вильгельм кім?
2.- Вильгельмге қандай ат берді?
3. 1066ж. Нормандия герцогі Вильгельмнің Англияны басып алуына түрткі болған немесе себеп болған жағдайды ата.
4. Вильгельм өзін Англия королі деп жариялады. Англияның Лондон қаласына басып кірді. Картадан Лондон қаласын көрсет.
5. Англияны нормандықтар жаулап алғанда король билігі неге күшейді?\ҰСМҚ - ПОПС\
Ұстаным; Менің ойымша бағынышты елдің байлығын пайдалану арқылы күшейді.
Себеп; Жауынгерлеріне жер иелігі керек
Мысал; дәлел – ақсүйектер жерін тартып алып рыцарларына берген
Қорытынды; жаулау соғысының тиімділігін білді.
Формативті бағалау Үш шапалақ