Ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс - әрекет түрі: Музыка
Тақырыбы: Әуелесін, қалқысын
Қазағымның жаз әні!
Мақсаты: Балалардың ұлттық музыкаға құрмет сезімдерін ояту, ұлттық саз иірімдерін бойларына сіңіру. Бидің негізгі жүріс түрлерін (аяқ ұшымен және өкшемен жүру, қасына қою
адымы т. б.) және би қимылдарын ырғаққа сәйкестендіре біркелкі орындауға, әсемдікке баулу.
Халық әні , Сазгер әні ұғымдарын пысықтау, Ансамбль (үндестік) ұғымын түсіндіру.
Музыкалық есту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Әр түрлі музыкалық аспаптарды үнінен ажырата алуларына мән беру.
Топпен, шағын топпен әуезді ән салу шеберліктерін шыңдау. Ойын арқылы зейінділікке, мұқият тыңдауға, жеке дауыста ән салу еркіндігіне тәрбиелеу, қызығушылықтарын арттыру.
Әдіс - тәсілдер: Әңгімелеу, әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ - жауап, қайталау
Көрнекілігі: Үнтаспа, қимылды және дидактикалық ойындар атрибуттары, слайд, балаларға арналған музыкалық аспаптар, Ұлытау тобының суреті, ырғақты шаршылар, шағын домбыралардың макеттері, телефон.
1. Бастапқы жүріс
Елімізді сүйеміз Д. Ботбаев
Балалардың әуен ырғағын сезіне, ара қашықтық сақтай, ширақ адымдауларына көңіл бөледі. Әуен аяқталуымен дәл тоқтауларын бақылайды, әндете сәлемдеседі.
- Сә - ла - мет пе, ба - ла - лар?
(Балалар марш ырғағымен кіріп, әуен аяқталуымен тоқтайды, әндете сәлемдеседі.)
- Сә - ле - мет - сіз бе?
2. Әуенді - ырғақты қимылдар
Жайдарман Халық әні
- Балалар біз өткен оқу іс - әрекетімізде халық әні Жайдарманның шумағының 1 - 2 қатарына немесе 1 - 2 - ші музыкалық фразаға аяқ ұшымен, ал 3 - 4 қатарына сәйкес келетін 3 - 4 - ші музыкалық фразаға өкшемен жүруді және әннің қайырмасына сәйкес келетін 5 - 6 - шы музыкалық фразаға қасына қою адымын жасай жүруді үйренген болатынбыз. Қазір осы қимылдарды есімізге түсіре қайталап көрейікші, музыкалық фразалардың ауысымдарын мұқият аңғаруға тырысайық. (Өткен оқу іс - әрекетінде үйренген аяқ ұшымен жүру, өкшемен жүру, қасына қою адымын қайталайды)
- Бүгін біз аяқ қимылына қол қимылдарын қосатын боламыз. (түсіндіреді)
Қыз балалар үшін:
1 - фраза: Аяқ ұшымен ортаға кіші шеңбер жасау
2 - фраза: Қол білезіктерін айналдыру
3 - 4 фраза: Сырға қимылы
5 - фраза: Ұл балаларға қарама - қарсы аяқ ұшымен жүру
6 - фраза: Ұл балалармен қол ұстаса айналу.
Ұл балалар үшін:
1 - фраза: Оң жаққа қарай қасына қою адымын жасау
2 - фраза: Оң аяққа отыра қолдарын жан - жаққа жая қыз балалардың әсем қимылына сүйсіне қарау
3 - 4 фраза: 1 - 2 фразадағы қимылдарды сол жаққа қарай қайталау
5 - фраза: Қыз балаларға қарама - қарсы аяқ ұшымен жүру
6 - фраза: Қыз балалармен қол ұстаса айналу.
- Жарайсыңдар, ал қазір қатар түзей жүріп, өз орындарымызға жайғасайық.
Орындықта отыру ережелерін пысықтайды. (Орындықтың ортасына дейін отыру, арқаны тік ұстай отыруға дағдылану, қолдарын тізеге қою)