Вертикаль бұрыштардың градустық өлшемдерін интерактивті тақтада өлшей білуге үйрету

Скачать

Тақырыбы: Қиылысатын түзулер
Сыныбы: 6
Математика

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қиылысатын екі түзудің бір ғана ортақ нүктесі болатындығын, вертикаль бұрыштардың өзара теңдігін түсіндіру.
Тәрбиелік: Вертикаль бұрыштардың градустық өлшемдерін интерактивті тақтада өлшей білуге үйрету.
Дамытушылық: Түзулердің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың градустық өлшемдерін табуды меңгерту.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: үшбұрышты сызғыш, сызғыш
Е - кітапхана №
Оқытудың әдісі: Түсіндіру, практикалық

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгендеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру
г) үй - жұмысын тексеру.

ІІ. Сабақтың мақсат, міндетін таныстыру

ІІІ. Жаңа сабақ. а) теориялық бөлім
Түзу – шектеусіз фигура. Бір түзуді латын екі үлкен әріптері мен белгілеуді білеміз. Енді латынның кіші (a, b, c, d,….) әріптері мен белгілеуді үйренеміз.
Қиылысатын екі түзудің ортақ бір ғана нүктесі болады. Бір бұрыштың қабырғаларының әрқайсысы, екінші бұрыштың қабырғаларының созындысы болатын екі бұрыш вертикаль бұрыштар деп аталады.
Вертикаль бұрыштар өзара тең.
Ә) практикалық бөлім
№1062
1) ІхІ=3 3) 4+ІхІ=5 5)

IV. Бекіту.
Балалар бізге бүгінгі сабаққа интерактивті тақтаның кітапханасынан қандай
құралдар керектігін мына жұмбақтарды шешу арқылы табуларыңа болады.

Жұмбақ.
1. Жоқ өзінде баста,
Қаста мойынында,
Ұзындығы жазулы тұр мойнында.(сызғыш)
2. Екі бұрыш ежелден
Көршілес болған ең тату.
Бірін - бірі толықтырып,
Жазыңқымен дос болған.
(Сыбайлас, вертикаль бұрыштар)
3. Екі түзу қатар жүріп,
Үшіншісі қияды.
Сонда қиған бұрыштарды,
Кімдер айтып жияды.
(Айқас, сыбайлас, вертикаль бұрыштар)
Деңгейлік тапсырмалар. Слайд - 14


Скачать


zharar.kz