Мейірім
Гүлжан күн жылына бастағанын көріп, қырдан гүл теруге шықты. Кәрзеңкесіне неше түрлі қызыл, алқызыл, сары гүлдерді толтырып жинады. Жолда келе жатып ағаштың түбінде бір нәрсенің дыбысы естілді. Бұл не екен?- деген қызығушылық оны сол жерге дейін апарды. Қараса кішкене ғана бауырын көтермеген күшікті көрді. Айналасына қарады да, күшікті кәрзеңкесінің бір жанына орналастырып, үйіне алып кетті.
Күшікті әкеле салысымен оған Ақтөс деп ат қойып, оны тамақтандырды. Әкесіне айтып күшікке үйшік жасатты. арада көп күн өткен соң Ақтөс ойнақтаған сүйкімді күшік болып өсті. Гүлжан оны қатты жақсы көреді. Ақтөс оның үйін күзетеді