Майды жай отта ерітіп алыңыз, от жай басылып тұрған күйінде сүтті құйыңыз, жұмыртқаны салыңыз, тұзды, шекерді салыңыз

Скачать

Сүт –150-200 гр
Сары май (слив. масло) – 3 ас қасық
Жұмыртқа – 1 бас
Ашытқы (дрожжи) – 1 шай қасық
Шекер – 2 шай қасық
Тұз – 1 шай қасық
Ұн – қалауыңызша (қамыр жұмсақ болуы керек)

Бұл тәтті тоқаш ашыған қамырдан дайындалады.
Майды жай отта ерітіп алыңыз, от жай басылып тұрған күйінде сүтті құйыңыз, жұмыртқаны салыңыз, тұзды, шекерді салыңыз. Оттан түсіріп алып ашытқыны салыңыз араластырыңыз да ұнды салып жұмсақ қамыр илеңіз.
Қамырды суытпай жылы орап қойыңыз 15-20 минуттан соң бір илеп қайта 7-10 минутқа қалдырыңыз. Содан соң қамырды майда бөлшектерге бөліп өзіңіздің қалауыңызша түйіп, түйген қамырды және 5 минутқа көтерілгенше қоя тұрыңыз. Қызып тұрған пешке саларда бетіне жұмыртқа сарысын жағып салыңыз. Кез келген тосаппен қосып жесе тамаша болады.
Дайындаған: Жадыра
Суретімен жүктеу

Сіздің де рецептеріңіз болса салуға болады, пікір қалдыру жолына жазып қалдырыңыз немесе сайтқа кіріп енгізіңіз поштаға жіберуге де болады


Скачать


zharar.kz