Көйлекті жапсыру әдісімен таныстыру

Скачать

Балақай орта тобының ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық
Білім бөлімдері: Жапсырма
Тақырыбы: Әдемі көйлек
Мақсаты: 1. Балаларды мультфильм кейіпкерлерін қатыстыру арқылы сабаққа қызығушылығын ояту, көйлек туралы мағлұмат беру және оны жапсырту.
2. Балалардың көз мөлшерін, қол қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Шығармашылық, іскерлік қабілеттерін жетілдіру. Д о арқылы логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тапсырманы таза, ұқыпты орындауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: көрсету арқылы түсіндіру, сұрақ - жауап, салыстыру.
Қос тілділік компоненті: көйлек - платья
Керекті құралдар: Машаның туған күні плакаттағы сурет түрлі - түсті қағаз, желім, сүлгі, д қ материалдар.

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Шаттық шеңбер.
Жылулық шеңбері:
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
Балалар бізге қонақтар келіпті, сендер сабаққа қатысып, өз өнерлеріңді көрсетіңдер.

Баланың әрекеті
Апайлармен амандасады.
Жылулық шеңбер жасайды.
Балалар назары сабаққа ауады

Тәрбиешінің әрекеті
Тақырыппен таныстыру.
Мынау кімнің суреті?
Машаны біз бәріміз танимыз. Бүгін Машаның туған күні екен. Қараңдаршы оған құрбы қыздары гүл, торт, сыйлықтар сыйлап жатыр.
- Ал, біз не сыйлайық?
Қараңдаршы Машаның құрбыларының көйлектері қандай әдемі, қазір бізде жапсыру іс - әрекеті, Машаға әдемі көйлек жасасақ қайтеді?
Балалар бізге әдемі көйлектер басқа да киімдер қайдан келеді деп ойлайсыңдар?
Енді мына суреттерге қараңдар.

Баланың әрекеті
Машаны көріп, сабаққа қызығушылықтары артады.
Тақырыппен танысады. Машаның туған күніне не сыйлайтындарын ойланады. Әдемі
көйлек неден қалай жасалатыны жайлы мағлұмат алады

Негізгі бөлім:
Тәрбиешінің әрекеті
1 - ші жерде өсіп тұрған мақтаны машинамен жинап, фабрикаға әкеледі, фабрика оны өңдеп жіп қып шығарады. Ал жіптен неше түрлі маталар жасайды, матадан киім, көйлек жасалынады.
Көйлекті жапсыру әдісімен таныстыру.
Ал, қазір біз қағаздан көйлек жасаймыз, ол үшін мына пішіні дайындалған көйлекті теріс жағына желім жағып, ақ қағаздың ортасына дұрыс орналастырып, сүлгімен үстінен басып, жапсырамыз.
Қауіпсіздік ережесі
Желімді ауыздарына апармаңдар, қақпағын жауып қоямыз.
Ендеше жұмысқа кірісейік.

Баланың әрекеті
Көйлекті жапсыру әдісімен танысады.
Қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Тәрбиешінің әрекеті
Маша, Маша тұршы,
Бетті, қолыңды жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Әйбәт көйлек кейші,
Енді бізді қушы.

Баланың әрекеті
Сергіту жаттығуды әуенімен, қимылы - мен жасайды, тынығып алады.

Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың жұмыстарын жинап алу, кемшіліктерін түзету, педогогикалық кеңес беру.
Таң қаларлық сәт
Тук, тук, тук есікті біреу қағады.
Балалар кім болды екен?
О, аю. Қараңдаршы, аю да Машаның туған күніне келіпті. Сумкасында не бар екен? Сендерге дид ойын алып келіпті.
Қай қыз, қай үйде тұрады?
Ойын шарты: Түстеріне қарай ажыратып қыздардың үйін табу керек.
Айсұлуға киімдер мен аяқкиімдерді реттесуге көмектесейік
Ойын шарты: Шашылған кйімдерді шкафтқа, аяқ киім салғышқа салатындарды бөлек - бөлек ажыратып салу.
Балалар сендерге аю да Маша да риза боп жатыр. Көйлекті жақсы жасағандарын үшін, д о дурыс тапқандарын үшін рахмет айтып, мынандай сыйлық бермекші.
Жұлдызша тарату.

Баланың әрекеті
Балаларлар жасаған жұмыстарын көрсетеді.

Аюды көріп таң қалады.
Дидактикалық ойынды шешеді. Саналы ойлауға дағдыланады.
Балалар мақтау, мадақтау естіп, сыйлық алып қуаныш сезімдері оянады.


Скачать


zharar.kz