Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету

Скачать

Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 7 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 7 сынып.
Тақырыптар:
31. Диктант
32. Тест тапсырмалары
33. Тест тапсырмалары
34. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі
35. Тіл ұстарту

Қазақ тілі 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Диктант
Сабақтың мақсаты:
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты, мейірімді, кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін аудару.
Тақтағы бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.
ә) Жаңа сабақты түсіндіру;
Көктемде
Екі күннен кейін мен қалаға жүріп кеттім.
Каспий суының жаңа ашылған кезі. Лай судың үстінде болбырлау сұрғылт сеңдер теңселе жылжиды. Оларды біздің қайығымыз қуып жетті де, басып озды. Сеңдер қайықтың жақтауына соқтығып, шатынай айырылып қалып жатты. Толқындарды жарға айдап, жорға жел ойнақтады. Бөшке, қап, жәшік сияқты ауыр жүк артқан моторлы қайық тербеліп келеді. Рульді ұстап келе жатқан жас жігіт еді. Оның үстіне қырма қой терісінен істеген, омырауы әр түсті жіппен кестелеген әсем пешпеті бар.
Оның жүзі сабырлы, салқын қанды еді. Қайықтың тұмсық жағында көмекшісі отыр. Бұл – үстіне жыртық шекпен киген, белін арқан жіппен буған, басында көнетоз қалпағы бар, үсті - басы үрпі - түрпі бір мұжық еді. Ол ұзын ағашқа ілген темір ілмекпен сеңдерді серпіп қояды. (122 сөз)
Мәтінді оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды
Үйге тапсырма: қайталау


Скачать


zharar.kz