Бала болдың неге сен

Скачать

Ескен Елубаев өлеңдері

Бала болдым деме сен
Кітап оқып телміріп,
Екі көзің талмаса,
Екіленіп еліріп,
Ойнап құмар қанбаса,
Күресіп жығып, жығылып,
Шынықпаса білегің,
Өкпең өшіп жүгіріп,
Алқынбаса жүрегің,
Сіңіріңді созбасаң,
Аяқ допты теппесең,
Жарысқанда озбасаң,
Қашқанды қуып жетпесең,
Шығара алмай есепті
Қатырмасаң миыңды,
Жібермесең есеңді
Бұзықтарға жырыңды,
Жаурамасаң бүрсеңдеп,
Күн өтпесе шекеңнен,
Көп танысам, білсем деп,
Шықпаса сол көкейден,
Біреуге т аяқ жегізіп,
Біреуден таяқ жемесең,
Көрмесең талай не қызық.
Бала болдың неге сен?!

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектебі
3 сынып оқушысы Тлекбайқызы Мариям

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz