Миға шабуыл әдісі арқылы талдау

Скачать

Павлодар қаласы,
№19 жалпы орта білім беру мектебінің
қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.Ж. Каденова

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Шәкірт ойы
Сабақтың мақсаты: 1. Шәкірт ойы өлеңін мәнерлеп түсініп оқу, мағынасын ашу, талдау;
2. Щқушылардың тілдерін, ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3. Өлең арқылы оқу - білімге шақыру, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс тәсіл: мәнерлеп оқу, Балық сүйегі , миға шабуыл , топтастыру, Венн диаграмасы, өлең құрылысына талдау, шығармашылық жұмыс, ой түйіндеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар көркем шығарманың тілімен, кейіпкерлер әлемімен танысады, талдайды.

Мұғалімнің іс - әрекеті
Психологиялық ахуал 2 мин
Оқушыларды түгендеу, топқа бөліну, сәттілік тілеу
(түрлі түсті шарлар арқылы бөліну)
Білу 5 мин
Бейнесөз арқылы жаңа тақырыпқа шығу
- Балалар тақырыбымыз қандай? Мақсатымыз не болмақ?
Мақсатқа жету алгоритмін құру.
Түсіну 4 мин
Топтастыру стратегиясы

Қолдану 10 мин
Оқулықпен жұмыс жасау

Сергіту сәті 2 мин
Айна

Талдау 10 мин
І топ тапсырмалары:
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Миға шабуыл әдісі арқылы талдау.
Шәкірт нені армандайды?
Елдің жүрегі неге мұздаған?
Ол неге жұлдыз емес Күн болғысы келеді?
ІІ топ тапсырмалары:

1. Ғаламтор желісі арқылы астрономиялық тұрғыдан жұлдыз бен Күн туралы ғылыми түрде түсінік береді.
ІІІ топ тапсырмалары:
1. Топтастыру.
Ш ә к і р т

Ілім білімге құштар
Қараңғылықты құтқаратын Күн болуды армандайды
Еліне адал қызмет еткісі келеді
Надандықпен күреседі

IV топ тапсырмалары:
1. Өлең құрылысын талдау
Қараңғы қазақ көгіне а
Өрмелеп шығып күн болам! б
Қараңғылықтың кегіне а
Күн болмағанда, кім болам? б
Мұздаған елдің жүрегін в
Жылытуға мен кірермін! в
3 шумақ, 6 тармақ, 2 бунақ, 8 буынды кезектес, шалыс ұйқас.

Жинақтау5мин
Үйге тапсырма 2 мин
Біздің арманымыз , пікірлесу.
1. Сұлтанмахмұттың Шәкірт ойы өлеңін жаттау

Бағалау 3 мин
Топ басшысы бағалайды. Формативті бағалау.
Рефлексия 2 мин
Қарлы кесек стратегиясы арқылы алған білімдерін жинақтайды.


Скачать


zharar.kz