Шеңбер ұзындығының формуласын білу

Скачать

Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар.
Жалпы мақсат: Оқушыларға шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданы туралы, шар туралы ғылыми тұрғыда түсіндіру. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін, логикалық ойлау қабілетін және топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Шеңбердің ұзындығы. Пи санымен танысу. Шеңбер ұзындығының формуласын білу. Шеңбердің ұзындығын диаметр арқылы өрнектеуін білу. Дөңгелектің ауданын, оның формуласының қорытылуын білу, түсіну. Шардың мағынасын, оның қандай болатынын түсіну, меңгеру.
Негізгі идеялар: Шеңбердің ұзындығын диаметр арқылы өрнектеуін білу. Дөңгелектің ауданын, оның формуласының қорытылуын білу, түсіну. Шардың мағынасын түсіну.
Сабақта қолданылатын материалдар: Оқулық, интерактивті тақта, слайд шоу, сызбалар, карандаштар, пламастерлер, наклейкілер.

Білу 7мин
Оқулықты пайдаланып, тақырыптан көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой:
Оқушыларға жаңа тақырыппен танысып, тапсырма алады.
1. Шеңбердің ұзындығы..................... тең.
2. Дөңгелектің ауданы............. тең.
3. Шар дегеніміз...........................
4. Шар бетінің.......................
деп аталады.
5. Сфера сөзін.................. білдіреді.
6. Шар бетінің екі................ деп аталады.

Түсіну 2 мин
Жауап беріңдер:
1. Шеңбердің ұзындығы дегеніміз не?
2. Дөңгелектің ауданының формуласы қалай?
З. Шар дегеніміз не?
4. Шардың аудармасы, мағынасы қандай?
5. Шардың диаметрі дегеніміз не?
6. Сфера сөзінің мағынасы қалай?
7 пи. - дің мәні неге тең?
6 - слайдпен жұмыс

Қолдану 15 мин
1. Радиусы 10см, шеңбердің ұзындығын табыңдар.
2. Киіз үй табанының диаметрі 8 м. Киіз үй табанының ауданын табыңдар
3. 1. 14 суретте Радиусы 15 мм кескінделген. Шеңбер өзара тең үш бөлікке бөлініп, оның бір бөлігі боялған. Шеңбердің боялған доғасының ұзындығын табыңдар

Талдау 5мин
Айыра алу:
• Сфера грек сөзі аудармасы мен, радиусы сөзін айыра білу керек.
• Шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданын айыра білу. Шар мен сфераның бір бірінен айырмашылығын білу.
• Шеңбердің ұзындығының формуласы мен дөңгелектің ауданы формуласын айыра білу.
Оқушылар белсенді тақтадан жауапты сәйкестендіріп белгілейді, дұрысын текскереді 7 - слайд

Жинақтау 6 мин
Алған білімдеріңді пайдалана отырып сызба құраңдар және постерде қорғаңдар.
Гүл егілген Гүлзардың дөңгелек жиегінің ұзындығы 18, 84м. Гүлзардың ауданын анықтаңдар. Кітаптағы нұсқауды басшылыққа алыңдар.
№206. Велосипед доңғалағының диаметрі 60 см. Велосипед 5 айналым жасағанда қанша жерге барады?

Бағалау 7 мин
Әр топқа тапсырмалар беріледі
Тапсырмаларды жинақтау арқылы оқушылар бағаланады.

Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі
математика және информатика пәні мұғалімі:
Бекмуханбетова Айгуль Сабитовна



Скачать


zharar.kz