Тарих пәнінің мұғалімі: Смайлова Рахия Сергебаевна
Тарих 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру. Тың игерудің зардаптары.
Сабақтың мақсаты:
Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің себептері мен салдарын білу.
Сабақтың міндеттері:
Тың игерудің қазақ даласына тигізген зардабы мен зиянын анықтайды.
Сауатты талдауға үйренеді
Бір - бірінің пікірін, ойын тыңдау арқылы сөйлеуге дағдыланады
Сабақтың типі: жинақтау сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Реттік ойын, тұлғаны таны, жигсо, сұхбат алаңы.
Сабаққа қажетті көрнекіліктер: карта, бейне таспа.
Құралдар: тақта, плакат, стикер, маркер
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Кіші жүз: адай, қарасақал, байбақты, жағалбайлы, тама, керейт, шекті.
Орта жүз: арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ.
орта және кіші жүз деп екі топқа бөлемін.
Білу
Реттік ойын 3 минут
Бірнеше оқиғадан тұратын кеспе қағаздарды оқушыларға таратамын.
Екі топ жауаптарын анықтау үшін дұрыс жауаппен салыстыруларын сұраймын
Тұлғаны таны
Мемлекет басшыларының саясатын саралай келе бүгінгі сабақ тақырыбын анықтаймыз.
Түсіну
Жигсо
Екі топқа екі түрлі тапсырма беріледі.
Тапсырма орындалып болған соң бір біріне қонаққа бара отырып ақпараттармен алмасады.
Сарапшылар тобын құрамын.
Сұхбат алаңы
- Тың игеру саясатының негізгі мақсаты не? Себебі
- Тың игеру саясаты демографиялық жағдайға қалай әсер етуі мүмкін.
- Тың игеру қалай жүзеге асырылды?
- Тыңнан кейін елімізде астық проблемасы шешілді ме?
- Қазіргі уақыт тұрғысынан алып қарасақ тың игеру қазақ халқына не берді?
- Тың игерудің республика халқының шаруашылығы мен тұрмысын жақсартуға пайдасы тиді ме?
Сұхбат барысында бейне таспа көрсетіледі.
Дискуссиялық карта
Тың игерудің тиімді тиімсіз жақтарын анықтау
Иә , Жоқ
Сұрақтар қорабы
Оқушылар қорапқа өз сұрақтарын салады.
Бұл сұрақтар келесі сабақ барысында қаралады.
Бағалау Смайликтер арқылы бағалау.
Үйге тапсырма беру
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Н. Ә. Назарбаевтың тың және тыңайған жерлерді игеру 50 жылдығына арналған баяндамасы туралы мәліметтер жинақтау.
Толық нұсқасын жүктеу