Сабақ тақырыбы: Баскетбол
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды доп беру, қабылдау әдістеріне машықтандыру. 2. Допты оң және сол қолмен еркін алып, беруді қалыптастыру. 3. Допты екі қолмен төменнен, жоғарыдан дәлдеп беруге жаттықтыру.
Сабақ өткізетін орны: Спорт залы.
Құрал - жабдықтар: Баскетбол доптары, ысқырғыш
Сабақтың мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқаулар
І. Сапқа тұру. Сабаққа сыныптың дайын екендігі жөнінде рапорт беру. Сабақтың мақсатын, міндетін хабарлау
Саптық жаттығулар: Жүру, жүгірудің әртүрлі байланыстарын орындау.
Қарапайым дене қыздыру жаттығулары
1 - жаттығу:
1 - 2 аяқтың ұшымен жоғары көтеріліп, демді ішке алу.
3 - 4 бастапқы қалыпқа келу, демді шығару.
2 - жаттығу:
Бастапқы қалып. Аяқты кең алып, қолды иыққа қою.
1 - 2 Иықты оңға айналдыру.
3 - 4 Артқа айналдыру.
3 - жаттығу:
Бастапқы қалып. Оң қол жоғары, сол қол төменде.
1 - 2 Түзу қолды артқа сілтеу.
3 - 4 Қолды ауыстырып сілтеу.
4 - жаттығу:
Бастапқы қалып. Оң қол жоғары, сол қол белде.
1 - 2 Солға иілу
3 - 4 Оңға иілу
5 жаттығу:
Бастапқы қалып. Екі қол белде
1 - 2 Денемен артқа иілу
3 - 4 Алға иілу
6 - жаттығу:
Бастапқы қалып. Қолды белге қойып, секіруді әр түрлі әдістермен жасау.
7 - жаттығу:
Бір орында жүру. Демді алып, шығару.
. Негізгі бөлім
Доппен арнайы жаттығулар
Доп беру әдістері
1. Допты екі қолмен кеуде тұсына беру.
a) алақан мен саусақтар допқа тиіп тұрады.
ә) кеуде тұстан қолды жаза сілтеп лақтырады
б) допты екі қолмен кеудеден беру.
Допты екі қолмен төменнен беру
Доп берудің бұл түрін бір - біріне жақын тұрған ұзын бойлы қарсыластарына қолданады.
Бір қолмен беру
Доп берудің едәуір күрделі түрі. Допты бір қолмен иықтан беру.
Оқушыларға қолдың білезігі мен саусақтардың
қалай дұрыс істеуге болатынын үйрету.
a) Негізгі тұрыста оң қолмен допты жүргізу;
ә) Негізгі тұрыста сол қолмен допты жүргізу;
б) Оң және сол қолмен кезектесіп жүргізу;
в) Жанмен жүргізу
2. Шығыршыққа допты лақтыру
Техникасын айтып көрсету. Имитация жасау.
а) Колоннаға қарама - қарсы тұрып бір ойыншы допты шығыршыққа лақтыру
тәсілдерін пайдаланып, қарсы тұрған ойыншыға допты лақтыру
б) Шығыршыққа допты лақтыру. Оқушылар шеңберде тұрып, бір - бірінен допты тартып алуға тырысады.
Қорытынды бөлім
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма.
2 минут Оқушылардың сабаққа дайындығын, қауіпсіздік шараларын тексеру.
Дене функцияларын біртіндеп кірістіру.
Соңғы нүктеге дейін тартылу.
Қолды түзу ұстауға тырысу.
Тереңірек иілуге тырысу.
Алға иілгенде тізені бүкпей иілуге тырысу.
Допты бір орында тұрып ұстау мен беру кеудеден беру қашықтығын арттыру үшін алға қосымша қадам жасау керек.
Шеңбер немесе екі қатарда әр оқушыға кезекпен доп лақтыру.
Қолды дұрыс ұстау, қолдың басы жұмыс істейді.
Дұрыс орындалуын қадағалау
Өткен тақырыпты жетілдіру, қателерін түзеу. Бағалау.
Орында тұрып, аяқтың ұшымен секіру.