Өлеңді үнтаспадан тыңдау

Скачать

Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 7 сынып
Тақырыптар:
61 - сабақ. Әбділда Тәжібаев. Сырдария өлеңі
62 - сабақ. Ана – теңдесі жоқ құдірет
63 - сабақ. Ақтамақ хикаясы (Жүсіпбек Аймауытовтың Әнші әңгімесі бойынша)
64 - сабақ. Көксерек – табиғаттың тағы перзенті
65 - сабақ. Ақын өлімі туралы аңыз

Қазақ әдебиеті 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев. Сырдария өлеңі
Сабақтың мақсаты: білімділік - Әбділдә Тәжібаев туралы қысқаша мәлімет беру, өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу арқылы табиғаттағы, адам өміріндегі атқарар жүгін таныту, өлеңді түсініп мәнерлеп оқуға, туған жерін сүюге баулу;
дамытушылық - оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту, ақын тіліне деген көзқарасын білу, өлеңді құрылысына талдай білуге машықтандыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
тәрбиелік – адам өміріне жарап жатқан өзеннің пайдасын білуге, оны қорғауға баулу, қоршаған ортаны тануға, ойын еркін жеткізе алатын қолайлы орта туғызу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру, салыстыра баяндау, ой қозғау, талдау, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың пәнаралық байланысы: қазақ тілі, тарих, география, музыка.
Сабақтың көрнекілігі: ақын суреті, шығармаларынан көрме, Қазақстан картасы, талдау - салыстыру сызбасы, электронды оқулық т. б.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру: а) сәлемдесу, түгендеу; ә) сабаққа даярлығын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
- Қане, балалар өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстық? (Поэмадан үзіндіні жатқа айтады)
- Балалар, поэма неге Ақын өлімі туралы аңыз деп аталады? Поэмадағы ақын кім? Поэманың тақырыбы не жайында? Поэма оқиғасы қай кезеңді суреттейді? Кімнің ерлігі суреттелген? Ол қай жылы туылған? Ал Қасым қандай ақын? Ол өзіне қандай баға берді?
Қорытындылау мақсатында Қ. Бұғыбаеваның Қасыммен сырласу атты өлеңін оқып қорытамын. Сонымен, балалар, Т. Ахтанов айтқандай Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр екен. Осы пікірдің бәрі ақынның Өзім туралы өлеңімен мағыналас, астарлас екендігіне көз жеткіздік.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Қасиетті қазақтың кең даласы талай ғұламаларды, жезтаңдай әншілерді, құдіретті күйшілерді, данышпан, ақылгөй билерді, ақиық ақындарды, Отанын сүйген батырларды дүниеге әкелді. Солардың бірі бүгінгі тақырыбымызға өзек болған Әбділдә Тәжібаев ағамыздың өміріне, Сырдария атты өлеңіне тоқталамыз.
1. Сабақтың мақсатын айту. Сабақтың жоспары интерактивті тақтадан көрсетіледі.
1) Өлеңді үнтаспадан тыңдау 2) Сөздікті жұмыс 3) Салыстыру, талдау
4) топпен жұмыс 5) Шығармашылық жұмыс.
2. Электронды оқулықпен жұмыс.
Әбділдә Тәжібаев туралы мәлімет, Сырдария өлеңі мәнерлеп оқылады.
Балалар, өлең ұнады ма, не жайында екен? Картадан Сырдария өзенін көрсетіп, өзен туралы қысқаша мәлімет беремін.

3. Кітаппен жұмыс (сөздікпен жұмыс).
Экранға сөздік жазылған (дәптеріне жазып алады).
1. Гейне – неміс ақыны 2. Рейн – Германиядағы өзен 3. Тарас – украин
4. Днепр – Украинадағы өзен 5. Пушкин – орыс ақыны 6. Еділ (Влога) - өзен
- Қане, балалар, өлеңді мәнерлеп өзіміз оқып жіберелік.
1) Өлең тақырыбы не жайында? 2) Ақын еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалай білдірді? 3) Оны қай жолдардан байқауға болады? 4) Ел анасы – менің анам деген жолдардың мағынасын қалай түсінесіңдер? 5) Анаға ұқсас ұғымды қалай, не арқылы білдіреді? 6) Лирика деген не? 7) Бұл өлең лириканың қай түріне жатады? 8. Параллелизм деген не?
(Алгебрамен байланыстыру)

4. Салыстыру, талдау.
Тірек сөздер арқылы
С а л ы с т ы р у
Әбділдә Тәжібаевтың Қалмақан Әбдіқадыровтың
Сырдария өлеңі ------------ Сырдария өлеңі
1) қарт ана ------------------------- 1) мен анаң
2) Сыр сұлуы ---------------------- 2) суым сүтің
3) туған елі ------------------------ 3) анам десең
4) ел анасы ------------------------ 4) балық, арық қазып
5) сүті кетпеген ------------------ 5) егіске пайдалан

Ыбырай Алтынсариннің Өзен өлеңі
1) сарқыраған өзен 2) айнадай су 3) өзен рахаты 4) мөлдір су 5) ну орман, тоғайы
Осы үш ақынның өлеңдерін оқи отырып бір - бірімен айырмашылық пен ұқсастығына талдау, салыстыру жасаймыз. Қай өлеңде ақын өлеңге, өлең ақынға тіл қатты? (Айырмашылығы мен ұқсастығын табады. Ақынның поэтикалық тіліне талдау жасау, теңеу метафораларды табады).
5. Шығармашылық жұмыс.
1 - топ. Сырдария өлеңін әрі Өзен өлеңін құрылысына талдайды. (Өлеңнің бір - бір шумағындағы тармақ, бунақ, ұйқасын, айырмашылығын табады).
2 - топ. Сырдария өлеңіндегі (2, 3, 5) шумақтарынан инверцияны тауып, қара сөзге айналдырып жазады.
3 - топ. Туған жеріміздегі Машат , Ақсу өзені жайлы бір шумақ өлең жазады. Су – тіршілік көзі тақырыбына эссе жазуға да болады.

IV. Сабақты бекіту. Сонымен, балалар, ақын осы Сырдария өлеңінде не айтқысы келді?
1. Параллелизм дегеніміз не?
2. Өлеңді оқи отырып, өзен, көлдердің адам өміріндегі пайдасы туралы не айтар едіңдер?
3. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан – жасыл желекті, мөлдір сулы өлкеге айналуы тиіс деп Қазақстан - 2030 бағдарламасында айтылғандай өз жерімізді көркейтуге қандай үлес қосар едіңдер?
V. Қорытындылау.



Толық нұсқасын қарау


Скачать


zharar.kz