Ақадыр кенті, М. Мәметова атындағы орта мектебі
Математика пәні мұғалімі Спатаева С.А.
Сынып: 6
Қызықты математика.
Оң және теріс сандарын байланыстыра өткізу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың оң және теріс сандарға арналған есептерді игеру және білімді бекіту.
Дамушылық: Оқушылардың зейін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту, қиялын ұштап, қабілетін шыңдау.
Тәрбиелік: дидактикалық, логикалық ойындар арқылы ақыл-ой белсенділігіне, өркендеуге өз үлесін қосуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білім мен іскерліктерін тексере отырып, оқушы білімін бағалау
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, оқушыларды ұйымдастыру
Балалар, біз бүгін математика сабағынан қызықты ойын, эр түрлі қызықты есептер шығарамыз. Бәріміз қатысып отырайық.
Сынып екі топқа бөлінеді.
1. Қамбар ата командасы.
2. Шопан ата командасы.
II. Командалар танысу кезеңі.
III. Алтын сақа ойыны
Ол үшін әр командадан екі оқушы шығып сақаны иіреді, кімнің асығы алшы түссе, сол ойынды бастайды, тізулі тұрған асықты атады. Алтын сақа қандай түсті (қызыл, не көк және сары, жасыл) жерге түссе сол қоржынның қалтасынан сұрақ алып, оған жауап береді.
1. Сұрақ
Екі оң санның қосындысы қандай санды береді? (көк түс)
Жауабы: оң сан.
2. Сұрақ.
Екі теріс санның қосындысы қандай санды береді (жасыл түс)
Жауабы: екі теріс санның қосындысы теріс санды береді.
З. Сұрақ.
Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? (сары түс)
Жауабы: 0-ге тең. Мысалы: -9+9=0, -5+5+0
4. Сұрақ
Таңбалары әр түрлі (санды қосқанда не істейміз?) (қызыл түс)
Жауабы:
1. Модулі үлкен саннан модулі кіші санды азайту керек.
2. Шыққан санның алдына модулі үлкен санның таңбасын қою керек.
IV. Тізбекті шешу ойыны.
V. Дос таңдау ойыны
Математика үшін ерекше ескеретініміз таңба заңдары. Оның заңдары өмірден алынған, қайшылықсыз екендігін көрсету керек.
Мысалы, плюс (+) - дос , ал минус (-) - қас деп алсақ онда сіздер маған оқылатынын және теңдігін айтыңыздар.
+
(+) • (+) = (?) досымның досы маған дос
-
(-) • (+) = (?) қасымның досы маған қас
+
(-) • (-) = (?) қасымның қасы маған дос
-
(+) • (-) = (?) досымның қасы маған қас.
VI. Теңге ілу ойыны
Әр топтан бір бала шыбық ат мінеді. Ойын басталатын жерге қазаншұнқырға ұқсатып шеңбер сызып дайындап қояды. Сызылған шеңберге ұқсайтын дөңгелек шеңбердің ортасына ыдыс қойып, соған теңгелер салынады. Әр топтан бір бала атпен шауып бара жатып тоқтамай, ыдыстан теңгені іліп алып кетеді. Әр сайыскердің іліп алған теңгелерін есептеп, сол теңгенің нөміріне сәйкес карточкадағы логикалық тапсырмаларды орындайды.
Қай топ көп теңге алып, сол теңгелердегі жазылған нөмірге сәйкес карточкадағы тапсырмаларды орындаса, сол оп жеңеді.
1. Мұз айдынында жеті бала
Асыр сап жүр сырғанап,
Сырғанамай екі бала
Жағалауда түр қарап.
Енді осы бар баланың
Санын айтсақ жарадық. (5)
2. Көлден ұшты жеті қаз
Қайтты қонды екі қаз
Қонбады оның нешеуі
Кәне, кім тез шешеді. (5)
З. Жаңа ғана шалғында
Алты бұзау жүреді.
Әлде шаршап қалды ма
Жатып қапты біреуі
Нешеу еді жайылып
Айт жүргенін айырып. (5)
4. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр? Әр мысықтың алдында үш мысық отыр. Неше мысық отыр? (4 мысық)
5. Төрептің төрт ұлы бар. Төрт ұлының адам басына бір апа, бір қарындасы бар. Төрептің барлық баласы нешеу болғаны? (6 бала)
6. Тауықта неше аяқ бар? 2, ал бақайы нешеу? 8
7. Әр бөлігінде бір ғана нүкте қалатындай етіп, шаршыны қалай екі бөлікке бөлуге болады?
VII. Топ басшылар сайысы
Топ басшылар өз ара сайысып сабақты қорытындылайды?
1. Жылқы туралы мақал-мәтелдер айтып беріңіз?
2. Қой туралы мақал-мәтелдер айтып беріңіз?
З. Жеті атаңды ата?
4. Төрт түліктің пірлерін ата?
5. Сүттен жасалатын тағамдар?
6. Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз?
7. Тақпақ айтып беріңіз?
8. Ән салып беріңіз?