Мағжан ЖұмабаевОтқа ұшар көбелек, Қарамай, сорлы, алды - артын

Скачать

Мағжан Жұмабаев

Отқа ұшар көбелек,
Қарамай, сорлы, алды - артын.
Ойына кіріп - шықпайды
Күйдірер деп от - жалын.
Шырқ айналып ентелеп
Жүрер де, бір уақ ол қонар.
Ұмтылған оты сорлыны
Күйдірер де, тез тынар.
Құрбылар, іске бет алсақ,
Ойламай қанат қақпалық,
Анау жарық - алтын деп,
Көрінгенге шаппалық!
Желімен кетсек қанаттың,
Көбелектей күйерміз.
Алам деп алтын барғанда,
Күлден кебін киерміз.


Скачать


zharar.kz