Арыстан оған қарап

Скачать

Көктем сәні сахналық қойылым.

Мақсаты: Сахналық қойылым жасау арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу.
Міндеттері:
1) Оқушылардың мәтінді дұрыс ұғынып, өз ойларымен толықтыруға, мәтінді мимикамен жеткізе білуге үйрету;
2) Оқушылардың әртістік, жауапкершілік қасиеттерін дамыту;
3) Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сыныптан тыс шараға 3 ә класс оқушылары қатысады.

Өтілу барысы:
1. Партада оқушылар отырады.
Мұғалім:
- Балалар, қазір қандай мезгіл? Қыстың бітуіне неше күн қалды? Қыс біткен соң қандай мезгіл басталады?
- Көктем.
Көктем мезгілі қандай өлең жаттадық?
Жазғытұры өлеңін мәнерлеп оқиды.
Мұғалім: Балалар көктем мезгілі несімен ұнайды?
Оқушылар өз ойын айтады.
Мұғалім: Балалар осы тақырыпты ормандағы аңдар да талқылап жатыр екен. Ендеше аңдарды тыңдайық!
Сахнада әртүрлі аңдар ұйықтап жатады. Жәй музыка ойналады. Әтештің шақырған дауысы естіліп, таң атады. Аңдар біртіндеп керіліп, есінеп тұра бастайды. Бәрі бірдей музыкаға қосылып таңғы жаттығу жасайды. Сосын әрқайсысы өз шаруасын жасай береді.
Бір кезде аң патшасы – арыстан оянады. Керіледі, созылады, жан - жағына қарап көктем келбетіне тамсанады. Содан соң жан - жағына қарап көмекшісі жолбарысты іздей бастайды. Жолбарысты былай деп шақырады:
- Әй, жолбарыс бері кел,
Аңдардың бәрін ерте кел.
Оларға қояр сұрақ бар,
Мұқият бәрің тыңдап ал!
Жолбарыс жүгіріп жүріп барлық аңдарға жар салады:
- Әй, жарандар, жарандар!
Маған қарай қараңдар!
Аң патшасы арыстанның
Бәріңе қояр сауалы бар.
Барлық аңдар жиналып, біртіндеп арыстанға сәлем беріп жинала бастайды.

Арыстан:
- Армысыңдар, жандарым!
Бармысыңдар, аңдарым!
Сендерге қояр сауал бар
Мұқият маған қараңдар!
Күн ұзарып, жылыды,
Көктем келді далама.
Көктем сәні деген не?
Сауалым бар баршаңа!
Көктем сәні?! деп жануарлар бір - біріне таңырқай қарасады да, өз ойларын айта бастайды.

Аю - Арсен: Көктем сәні - алтын күн,
Жарқырайды жарқын күн!
2. Ит - Еркебұлан: Көктем сәні – шұбар бұлттар,
Сол бұлттардан жаңбыр жауар.
3. Түлкі - Сымбат: Көктем сәні дегеніміз - гүл тақсыр!
Гүлдей жайнап жүрейікші, біз, тақсыр!
4. Мысық - Назерке: Көктем сәні - жасыл желек,
Сол желекте жүрміз билеп.
5. Қоян - Камила: Көктем сәні - ағаштар,
Ауамызды тазартар!
6. Ақ аю - Қайрат: Көктем сәні - құстар ғой,
Ән салады шарықтап.
7. Айбар:
Көктем сәні - ол наурыз мерекесі,
Қазағымның келтірер берекесін!
8. Жылан, қой - Амина, Бауыржан:
Көктем сәні - жаңа туған төлдер ғой,
Өрістерде жүгіреді сайран сап.
9. Жылан - Нұржанбек: Көктем сәні - тамшылаған жаңбырлар,
Жерімізді көк шөптерге толтырар.
10. Қоян - Дана, Жанару:
Көктем сәні - мөлдір су,
Құмарыңды қандырар.
Барлық жануарлар айтып болғанда тек бұлғын ғана үндемей тұрады. Арыстан оған қарап:
- Ау, бұлғын батырым,
Бәрі айтты өз ойын.
Сенде айтар сөз жоқ па?
Қане, сен де сөз баста!
Бұлғын жан - жағына қарап алып:
- Ау, хан ием, не дейін,
Қарап тұрмын таңырқап.
Әне күн тұр жарқырап,
Әне гүл тұр жайқалып
Қарасам көз тоймайды.
Суың, нуың, хош иіс
Бәрін қоссаң сол дұрыс.
Көктем сәні сол болады.
Көңілің нұрға толады.
Барлық жануарлар: Дұрыс, дұрыс! деп шуласады.
Арыстан: Дұрыс айттың, бұлғынжан!
Көктем сәні осылар!
Барлығы айналып, би билеп қуанды.
Мұғалім: Сәлем, көктем,
Өрнек қандай су салған,
Жасыл қырат - жасыл сағым бусанған.
Жас шағымда жиі ағатын жұлдыздың.
Жұпар исін жұта берем жусаннан.
Міне, балалар, адамдар да, жан - жануарлар да көктемді асыға күтеді. Көктем мезгілін жақсы көреді. Көктем келгенде туған жеріміз де құлпырып кетеді.
Ендеше туған жерімізге көктем келе берсін деген ниетпен Туған жер – алтын бесігім атты әнмен бүгінгі сабағымызда қорытындылайық!


Скачать


zharar.kz