Қай жырау

Скачать

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ХVІІІ ғасырда қазақ мәдениеті мен әдебиетінің дамуына ықпал еткен тұлғалар жайлы мағлұмат беру, қазақ ақын – жырауларының шығармаларымен таныстыру;
Дамытушылық: қосымша материалдарды пайдалану, оқушыларды іздендіру арқылы танымдық ой - өрісін кеңейту;
Тәрбиелік: ХVІІІ ғасырдың көрнекті ақын - жырауларының мұраларын сақтауға және құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту;
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: СТО
Сабақтың көрнекілігі: тұлғалардың суреттері, слайдтар, кестелер
Пәнаралық байланыс: қазақ және орыс әдебиеттері

Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар ХVІІІ ғасырда қазақ өлкесін қандай экспедициялар зерттегенін білетін болады;
- Қазақстанды орыс ғалымдарынан кімдер зерттеп және қандай еңбектері бар екендері жайлы хабары болады;
- ХVІІІ ғасырда қазақтың қандай ақын - жыраулары өмір сүргендігі және олардың тарихтағы орны туралы мағлұмат алады.

Сабақтың барысы:
І Қызығушылықты ояту
Сабағымызды бастамас бұрын оқушылардан Мәдениет сөзін топтастыру арқылы
мағынасын ашып алу

ІІ. Мағынаны тану
Сабақтың жоспарымен таныстыру:
1. Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуі;
2. Қазақ әдебиеті
Жоспар бойынша оқушыларға кітаптан және қосымша мәліметтерді беру арқылы түсіндіру.
ІІІ. Ой толғаныс
1. Семантикалық карта. (барлық оқушылармен жұмыс)
Тұлғалар Еңбектері

1. И. Г. Ренат Жоңғария картасы
2. Г. Ф. Миллер Сібір тарихы
3. П. И. Рычков Орынбор өлкесінің топографиясы , Орынбор тарихы
4. Н. П. Рычков Қырғыз - қайсақ даласы туралы күнделік жазбалар
5. П. С. Паллас Ресей мемлекетінің әртүрлі аймақтарына саяхат

2. Кубизм (сұрақ - жауап) (оқушыларға кубик беріледі кубикті ортаға тастап түскен саны бойынша сұраққа жауап беруі тиіс)
1. (жасыл түс жағы) Қазақ өлкесін қандай экспедициялар зерттеген?
2. (Қызыл түс жағы) Орыс ғалымдарынан Қазақстанды зерттеген кімдер?
3. (Көк түс жағы) ХVІІІ ғасырдағы қазақ ақындарының шығармаларында қандай басты оқиғалар суреттелген?
4. (сары түс жағы) ХVІІІ ғасырдың көрнекті ақын – жырауларының мұраларын сипатта?
5. ( қара түс жағы) І Петр Азияға жол іздеу талабымен Орта Азияның ішкі аудандарына өту үшін қазақ даласын не деп қарады?
6. (қоңыр түс жағы) Қозы Көрпеш - Баян сұлу поэмасының ерекше бір нұсқасын жазған ақынды ата?
3 Ол кім білесіз бе? ойыны ортаға 5 оқушы шығып жасырылған сөздерден қай ақын - шырау екенін табу керек. Бірден тапса, 10 ұпай, көмек арқылы тапса 5 ұпай
1 сұрақ. Жас кезінен ақындар айтысына қатысқан, әрі балуан, әрі батыр, жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт - азаттық күресті ұйымдастырушы, көшпелілер өмірінде жылқы түлегінің маңызды екенін өз жырларында айтқан, шығармаларын Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырларға арнаған. Бұл қай жырау?
(Көмек)
Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында жерленген.
Жауабы: (Ақтамберді жырау)
2 - сұрақ Ол Абылайға жақын жүріп, Орта жүздегі болған оқиғаларға белсенді түрде қатысқан. Шығармаларында шақшақ руынан Жәнібек, дулат руынан Бөкей мен Сағыр, Дербесәлі, уақ руынан Баян, Бөгенбайды шабытпен жырлаған. Бұл қай жырау?
(Көмек)
Жауабы: (Тәтіқара жырау)
3 – сұрақ. Ол белгілі Бекболат биге жазған, Абылайдың өмірін, қызметін, оның қосшысы көрнекті қолбасшы Бөгенбайды мақтан еткен. Қай жырау?
(Көмек)
ХУІІІ ғасырдың 1706 - 1778 жылдары өмір сүрген белгілі жырау
Жауабы: (Үмбетей жырау)
4 - сұрақ. Ол арғын тайпасының қаржас руынан шыққан, ауызынан өлең төгіліп тұратындықтан замандастары оны көмекей әулие деп атаған. Халық оны әулие, дана және көреген жырау ретінде құрметтеген, Абылайдың кеңесшісі. Ол кім?
(Көмек)
1684 - 1781 жылдары өмір сүрген Қалқаман батырдың баласы
Жауабы: (Бұқар жырау)
5 - сұрақ. Оның Орынбаймен айтысы біздің заманымызға дейін жеткен шығармасының ең басты жетістігі Қозы Көрпеш - Баян сұлу поэмасының ерекше нұсқасын жазып қалдырған. Ол қай ақын?
(Көмек)
1775 - 1846 жылдары аралығында өмір сүрген. Ақындар айтысында жеңісті қолдан бермеген суырып салма ақын. Шығыс Қазақстан облысы, бұрынғы Абыралы ауданында дүниеге келген.
Жауабы: (Жанақ)

Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: өтілген тақырып бойынша тест тапсырмасын құрап келу;


Скачать


zharar.kz