Мұхтар Әуезов Жетім әңгімесі

Скачать

Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов Жетім әңгімесі
Білімділік: Әңгімені алдымен мәнерлеп түсініп оқушыларға оқып беріп, оқу дағдыларын қалыптастыру, әңгіменің тақырыбын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойлауын, көз алдына елестету, қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
интерактивтік тақта, бейнетаспа,
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ -
жауап, топпен жұмыс, жұппен
жұмыс, ой қозғау, сызбамен жұмыс, диалог.

Сабақтың көрнекіліктері: М. Әуезовтің шығармалары, портреті., интерактив аспаптары перде , бағалау парақтары.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу,

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе бөлім:
Дәйексөз.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды топтарға бөлу. Әр топтың топ басшысымен таныстыру.
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, мына жердегі дәйексөзге көңіл аударайық:
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді адам емес . (М. Әуезов)

Дайындық алаңы
Неге дайындық алаңы деп аталды?
Себебі оқушылар осы бөлімде сабақтың тақырыбын біліп, мақсатын ажыратуға,
сабақтың барысында істелетін жұмыстар ретімен танысады, дайындалады.
Оқушылардың назары интерактив тақтаға аударылады: перденің артынан не көріп тұрсыңдар, ол туралы не айта аласыңдар?
Осы сөздерді жинақтай отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын айта аласыңдар ма? Ол қалай аталады?
Мұғалім мақсатымен таныстырады.
Ал оқушылар сабақтың мақсатын өздері іздестіреді. Мұғалім ары қарай өзі толықтырып, мақсатты нақтылай түседі.

Фильмнен үзінді
Е. Рақышев. Жетімдер киносынан үзінді (интерактив тақтада)
Фильмде жемім балалардың өмірлерінің қаншалықты ауыр тауқыметпен өтетіні көрсетіледі.
Назарларыңды салып мұқият тыңдаңдар, қараңдар, себебі келесі тапсырманы орындау осы арқылы жүзеге асады.

Негізгі бөлім:
Ізденіс алаңы
1 – тапсырма:
Жеке жұмыс:
Неге ізденіс алаңы деп аталды?
Себебі оқушылар осы бөлімде қажетті ақпаратты осы бөлімде іздеп тауып,
білімдерін толықтырады.
Мұхтар Әуезов туралы білген мәліметіңді кластерге орналастыр:
Әр оқушы өз дәптерінде орындайды. Автор туралы мәлімет парағы әр оқушының алдында жатады. Өзінің автор туралы білген жаңа мәліметін сыныппен бөліседі.
Мұхтар Әуезов Жетім әңгімесі. жүктеу


Скачать


zharar.kz