Бейнелеу өнерінің түрлерін ата

Скачать

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебінің
бейнелеу өнері және сызу, технология пәндерінің мұғалімі
Балмұханов Нұрболат Қобланович

Тақырыбы: Бояулар сыры
Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды бояулардың сан түрлерімен, негізгі және қосымша түстерімен таныстыру. Түстермен жұмыс жасуды үйрету.
Дамытушылығы: Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестеу қасиетін дамыта отырып берілген тақырыпты тез орындауға үйрету.
Тәрбиелігі: Жалпы өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, құрастырма суреттер, геометриялық фигуралардан құралған есептер, суреттер.
Әдісі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
(оқушылармен амандасу және сабаққа дайындықтарын тексеру)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ – жауап. Әр топқа төрт – төрттен сұрақ қойылады.
І топқа
1. Бейнелеу өнері дегеніміз не?
2. Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма?
3. Суға тез еритін бояу түрі?
4. Қарындаш дегеніміз не?
ІІ топқа
1. Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?
2. Кемпірқосақтың түсі нешеу, оларды ата?
3. Адам келбетін бейнелейтін жанрды қалай атаймыз?
4. Түстер нешеге түрге бөлінеді және қандай?

ІІІ. Кім шапшаң, кім тапқыр?
Қиылған суреттерді құрастырып, онда қандай жанрда бейнеленген суреттерді түсіндіру.

ІҮ. Сиқырлы есептер шығару.
... +... =
...+... =І топқа
Қызылы бар, сарысы бар
Құйрығы бұлғаңдаған
Түздің сондай тағысы бар. Ол не? (Түлкі)
2. Жеміс деймін шіркін асыл
Іші қызыл, сырты жасыл. Ол не?(Қарбыз)
2 - топқа.
... +... =
...+... =

1. Оны ағаштың басынан ізде
Түрлі түске боянады күзде. Ол не? (Жапырақ)
2. Байлауда, аяқтап сенімді,
Сары қозым семірді. (Қауын)

Ү. Сөздерден түс шығару.
І топқа.
Лызық (қызыл), арқа (қара), дөгірлік (көгілдір), ырқоң (қоңыр), рұс (сұр)
ІІ топқа.
Лысаж (жасыл), асыр (сары), киясөк (сиякөк), гүлкін (күлгін), лызықсары (қызылсары)

ҮІ. Сурет сайысы. (топпен жұмыс)
Экранда екі топқа өлең жолдары көрсетілген. Олардың мағынасына қарап өлең жолдарын суреттеп қағаз бетіне түсіреміз. Топ басшылары шығып түсіндіреді.

YІІ. Сабақты қортындылау.
*табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма?
*Суға тез еритін бояу түрі?
*Қарындаш дегеніміз не?
*Кемпірқосақтың түсі нешеу, оларды ата?
*Түстер неше түрге бөлінеді және қандай?
Бағалау.
Оқушылардың жұмыстарын және сабаққа белсене араласқан оқушыларды мақтап, мадақтап, бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Түстермен жұмыс


Скачать


zharar.kz