Қостанай аялдамасы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Құрттар әлемі (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың құрттар туралы алған білімдерін дамыту
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;
2. Ақпаратты бағдарлау біліктілігін қалыптастыру;
3. Сын тұрғыдан ойлау - қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: саяхат - сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: дамыта оқыту, СТО
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық тірек - сызбалар, кесте, слайдтар.

Сабақтың барысы: I Қызығушылығын ояту. Миға шабуыл
Ақтөбе – Астана маршруты бойымен саяхатқа бару
Оқушылар 3 топқа бөлінеді
Астана поезына отыру үшін, үйден таксиге мінеміз.

Деңгейлік сұрақтар.(Видео сұрақтар)
1 - Жеңіл сұрақтар:
1) Бауырсорғыштың аралық иесі қандай жануар? (кіші тоспаұлу)
2) Жұмыр құрттардың денесінің 3 қабаттарының атаулары?
(1 - сыртқы – сірқабық, 2 - ортаңғы - гиподерма, 3 - ең астыңғы – бірыңғай салалы бұлшықет)
3) Буылтық құрттардың денесі қалай аталады? (целлом)

2 - Күрделі сұрақтар:
1) Шұбалшаң топырақта тіршілік етуге қалай бейімделген, оның қандай практикалық маңызы бар?
(өте сезімтал болғанымен де топырақта тіршілік ететін шұбалшаңның көзі де, қармалауыштары да жоқ, және параподияларымен қозғалып, топырақтың құнарлығын арттырады.)
2) Алғашқы (тұрақты) ие және аралық ие ұғымын қалай түсінесіздер?
( Алғашқы иеде паразит құрттардың жыныстық жолмен көбейетін ұрпақтары, аралық иеде дернәсілдік ұрпақтары тіршілік етеді.)
3) Не себепті жұмыр құрттар денесін қысқартып та, созып та алмайды?
( Көптеген жұмыр құрттарда тері - бұлшықет қапшығы бар. Көлденең жолақты бұлшық еттері жоқ. Сондықтан денесін қысқарта да, соза да алмайды. Олар денесін тек жан - жағына ғана ие алады.)

3 - Өте қиын сұрақтар
1) Сорғыштар класына жататын эндопаразиттер қандай аурулар туғызады?
(Қансорғыш құрт – айырдене - шистозомос ауруын туғызады – адамның құрсақ қуысы және қуық ірі веналарында)
2) Бөсір (аскаридоз) ауруы қалай пайда болады?
(Ішексорғылардың дернәсілдері ішектің қабырғасына қадалады, одан бөлген улы заттардан ішектің қызметі бұзылады.)
3) Суыртқы түғызатын ауру, оның қауіптілігі неде?
(Суыртқы көбінесе сүтқоректілердің терісі астыңдағы шел қабатты зақымдап, дракункулез ауруына ұшыратады.)

II. Мағынаны тану. Ақтөбе аялдамасы. Үй тапсырмасын тексеру. Тірек - сызбалар
1) Жалпақ құрттар
2) Жұмыр құрттар
3) Буылтық құрттар

III.. Хромтау аялдамасы. Жұмбақтар шешу. Әр топқа 2 жұмбақ.
I топ
1. Төрт сорғышпен қармақшалар басында,
Етпен бірге қосылады асыңа,
Шала піскен етті жесең байқамай,
Қауіп – қатер туғызады басыңа. (сиыр цепені)

2. Кірпікшелер көп денесін қаптаған,
Су ішінде тыным тауып жатпаған,
Екі құлақ, екі көзі тағы бар,
Осы құрттың атын өзін тауып ал. (ақ сұлама)

II топ
1. Бұл жұмыр құрт ащы ішекте болады,
Өз қорегін жұтқыншақпен сорады.
Үш ернімен көмкерілген аузы бар,
Бұл жұмбақтың шешуін сен тауып ал. (ішексорғы)
2. Жас баланың тік ішегі мекені,
Көпке мәлім дара жыныс екені.
Жұмыртқасы дамиды оның далада,
Жұқпайды ол таза жүрген балаға. (үшкірқұрт)
III топ
1. Топырақтың арасында тұрағы,
Топыраққа құнар беріп тұрады.
Жаңбырдан соң жер бетіне шығады,
Ойланған жан оның мәнін ұғады. (шұбалшаң)

2. Қылтаны көп денесінде, су түбінде жүреді,
Оның өзі балықтардың ең сүйкімді қорегі.
Ұзын келген денесі, буылтықтан тұрады,
Ол да құрттың ерекше бір түрі еді. ( нереида)

IV. Рудный аялдамасы. Деңгейлік тапсырмалар.
1. Топқа – Қайсысы артық?
2. Топқа – Басқатырғы
3. Топқа – Танымдық ойын. Ат жүрісі

V. Қостанай аялдамасы.. Тест тапсырмалары
1. Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктерге қандай белгілер тән?
А) екі жақты симметриялы
Ә) радиальды симметриял
Б) екі қабатты жануар
В) целомды жануар.

2. Сиыр цепенінің дернәсілі қайда дамиды?
А) адам ішегінде Ә) топырақта Б) сиыр денесінде В) тоған суда

3. Алғаш жалпақ құрттарда пайда болған жүйе
А) ас қорыту Ә) қанайналым Б) тыныс алу В) зәр шығару

4. Адам ішексорғысы денесінің ұзындығы
А) 10 Ә) 1 Б) 40 В) 4

5. Соңғы дене қуысы – целом бар ағзалар
А) ішекқуыстылар Ә) жұмыр құрттар Б) жалпақ құрттар В) буылтық құрттар

6. Буылтық құрттардың қозғалу мүшесі болып саналады
А) кірпікшелері Ә) параподий Б) талщықтары В) тамыраяқтары

7. Қан ұюын баяулататын қасиеті бар сүліктерде ерекше қатпарлы қабаты:
А) гирудин Ә) гликоген Б) лизин В) фермент

8. Паразиттік тіршілік ететін жұмыр құрттар
А) ішексорғы Ә) үшкірқұрт Б) қылқұрт В) барлық жауаптар дұрыс

9. Жұмыр құрттардың ас қорыту жүйесіне қандай белгілер тән?
А) алдыңғы, ортаңғы, артқы бөлімдерден тұратын ішек аналь тесігімен аяқталады Ә) тұйық ішек Б) ортаңғы ішекте көптеген өсінділіердің болуы В) ішегі жоқ

10. Паразит құрттарды зерттейтін сала
А) палеонтология Ә) протозоология Б) гельминтология В) зоология

V I. Ой толғаныс. Астана аялдамасы. Шығармашылық жұмыстар.
1 - Ертегі.
2 - Бес жолды өлен.
3 - Эссе жазу.
Үйге тапсырма:Тесттік тапсырмалар құрастыру


Скачать


zharar.kz