Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов Ананың анасы әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
а) Ұлы жазушы Ғабит Мүсіреповтың тарихи тұлғасын, сөз шеберлігін және қайраткерлігін таныту;
ә) Жазушының әңгімесінің негізгі ойын, мәнін ұғындыру;
2. Дамытушылық:
а) Оқушыларға әңгіменің тақырыбын түсіндіру;
ә) Анаға деген махаббат сезімдерін ояту;
б) Сөз астарына үңіліп, өз пікірін қорғауға дағдыландыру.
3. Тәрбиелілігі:
Ақыл - ой, адамгершілік, имандылық пен әдептілікке, жақсы қасиеттерге үйрету;
Сабақтың түрі: топпен жұмыс, пікірсайыс сабағы
Сабақтың типі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі тарихы, бейнелеу өнері
Жоспары:
1 - сағат
1. Жазушының өмірі мен шығармашылығы
2. Әлем әдебиетіндегі ана туралы шығармалар
3. Қазақ әдебиетіндегі ана туралы шығармалар
2 - сағат
4.“Ананың анасы” шығармасының идеясы
5. Тірек сөздермен жұмыс
6. Сөздікпен жұмыс
7. Шығарманың құрылысы
8. Ана бейнесін ашатын кестелі сөздермен жұмыс жүргізу
9. Ұлағатты сөздер
10. Түйін
11. Бағалау
Өмір жолы
• Алғаш 1925 жылы Едіге әңгімесі Еңбекші қазақ газетінде жарияланды.
• 1928 – 38 жылдары Қазақстан баспасында, Социалистік Қазақстан , Қазақ әдебиеті газеттерінде редактор, Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі, Қазақ өлкелік комитеті баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің саяси - ағарту бөлімінің меңгерушісі
• 1938 – 55 жылдары шығармашылық жұмыстармен айналысқан, Қазақстан Жазушылар одағы төралқасының мүшесі
• 1956 – 57 жылдары Ара – Шмель журналының редакторы
• 1957 – 62 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1 - хатшысы
• 1974 – 75 жылдары ҚазКСР Жоғары Кеңесінің төрағасы
• 1959 жылдан КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған.
• Алғашқы Тулаған толқын (1928) повесінде 1918 – 1920 жылдардағы азамат соғысы жайы суреттелсе, Қос шалқар (1928), Көк үйдегі көршілер (1929), Туннель (1930), Шұғыла (1935), Алғашқы адымдар (1932) әңгімелері қазақ ауылындағы таптық күресті көрсетеді. 1934 жылы Ананың арашасы новеллалар циклын жариялады. Оянған өлке романында (1953, 1984) революцияға дейінгі Қарағандыдағы қазақ жұмысшыларының қалыптасу процесі суреттелген.
• 1967 жылы Кездеспей кеткен бір бейне повесі жарияланды. Мүсіреповтің драмалық шығармалары – Қыз Жібек операсының либреттосы (1934), Амангелді (1939), Қозы Көрпеш – Баян сұлу (1939), Ақан сері – Ақтоқты (1942) пьесалары. КОКП 22 - съезінің, Қазақстан Компартиясы 10 – 15 - съездерінің делегаты. КСРО Жоғары Кеңесі 5 - шақырылымының, ҚазКСР Жоғары Кеңесі 6 – 11 шақырылымдарының депутаты. ҚазКСР Мемлекеттік сыйл. (1970), Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың (1976) лауреаты. 3 мәрте Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Халықтаралық Достығы ордендерімен, медальдармен марапатталған