Зат есімнің септелуі. Тест
1. Көмектес септікте тұрған зат есімді көрсетіңіз.
A) Дәптердің.
B) Қызбен.
C) Кітапты.
D) Гүлдер.
E) Балаға.
2. Шығыс септіктегі сөзді белгілеңіз.
A) Саған
B) Сенің
C) Сіздер
D) Сендерден
E) Сіздермен
3. Жатыс септіктің жалғауын белгілеңіз.
A) - ба, - бе.
B) - а, - е.
C) - нан, - нен.
D) - ты, - ті.
E) - да,- де.
4. Атау септіктегі сөздердің сөйлемдегі қызметі
А) баяндауыш
В) тұрлаусыз мүше
С) бастауыш
D) қызметі жоқ
5. Кімге? Неге? Қайда? - қай септіктің сұрақтары екенін белгілеңіз.
A) Атау.
B) Көмектес.
C) Жатыс.
D) Шығыс.
E) Барыс.
6. Барыс септігінде тұрған сөзді белгілеңіз.
A) Халықпен.
B) Бидай.
C) Оған.
D) Адамды.
E) Байланыс.
7. Септік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.
A) Өздік.
B) Бесінші.
C) Басқар.
D) Сызғышты.
E) Қызғылт.
8. Септік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.
Ащы мен тұщыны татқан білер.
A) Ащы.
B) Мен.
C) Тұщыны.
D) Татқан.
9. Кімді? Нені? – қай септік сұрағы?
A) Атау септік
B) Ілік септік
C) Шығыс септік
D) Табыс септік
E) Көмектес септік
10. Ілік септіктің жалғауы бар сөзді көрсет:
А) оқушыны, баланы, кітапты
В) оқушының, баланың, кітаптың
С) оқушыда, балада, кітапта
D) оқушыға, балаға, кітапқа
Зат есімінің септелуі
1. Қазақ тілінде неше септік бар:
А) 5
В) 7
С) 3
D) 10
2. Қай септікте жалғау болмайды:
А) табыс
В) атау
С) барыс
D) көмектес
3. Ілік септігінің сұрағын көрсет:
А) кімді? нені?
В) кімнің? ненің?
С) кіммен? немен?
D) кім? не?
4. Шығыс септігіндегі сөзді тап:
А) ағаштарды
В) ағаштарға
С) ағаштардан
D) ағаштардың
5. Көмектес септігінің жалғауларын көрсет:
А) – ның, - нің, - да, - де
В) – мен, - нен, - ның
С) – ға, - ге, - та, - те
D) – мен, - бен, - пен
6. Барыс септіктің жалғауы бар сөзді көрсет:
А) қаламға, дәптерге, орындыққа
В) пеналда, мұғалімде, үстелде
С) борды, тақтаны, терезені
D) өшіргішпен, сөздікпен, қолмен
7. Табыс септіктегі сөзді белгіле:
А) шекараны
В) демалыстың
С) кітаппен
D) ұшаққа
8. Ілік септіктің жалғауы бар сөздерді көрсет:
А) оқушыны, баланы, кітапты
В) оқушының, баланың, кітаптың
С) оқушыда, балада, кітапта
D) оқушыға, балаға, кітапқа
9. Жатыс септіктің жалғауын белгіле:
А) – дан, - ден, - тан, - тен, - нан, - нен
В) – ға, - ге, - қа, - ке
С) – да, - де, - та, - те
D) – ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті
10. Барыс септігінің сұрақтарын белгіле:
А) кімнің? ненің?
В) кімге? неге?
С) кімді? нені?
D) кімде? неде?
11. Көмектес септігінің сұрақтарын белгіле:
А) кіммен? немен?
В) кімге? неге?
С) кімді? нені?
D) кімде? неде?
12. Шығыс септіктің жалғаулары бар сөздерді көрсет:
А) сұрақ, жауап, сөйлем
В) сұрақпен, жауаппен, сөйлеммен
С) сұрақты, жауапты, сөйлемді
D) сұрақтан, жауаптан, сөйлемнен
13. Табыс септігіндегі сөзді көрсет:
А) ойыншықты
В) ойыншықпен
С) ойыншыққа
D) ойыншықтан
14. Барыс септігіндегі сөзді тап: Апам тауыққа жем шашты
А) апам
В) тауыққа
С) жем
D) шашты
15. Әкесіне сөзі қай септікте тұрғаның анықта:
А) көмектес септігі
В) атау септігі
С) барыс септігі
D) ілік септігі