Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,
Мұнайшы кенті Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Түешиева Меруерт
Present Simple (осы шақ)
Present Simple – аты айтып тұрғандай іс – әрекеттің дәл қазір болып жатқандығын білдіреді. Осы шақтың көмекші етістігі do does [du dz].
Жіктеу есімдіктеріне көмекші етістіктің қолданылуы:
I do
You do
He She It does
We do
You do
They do
Do not = don’t Does not = doesn’t
Осы шақтың жасалу формасына назар аударайық
Болымды сөйлем: зат есім + етістік + - s - es
I watch TV
Болымсыз сөйлем: зат есім + do does + not + етістік
I do not watch TV
Сұраулы сөйлем: Do Does + зат есім + етістік?
Do you watch TV?
Егер сөйлем He She It - тан басталса, тек қана болымды сөйлемде негізгі етістікке - s немесе - es жұрнағы жалғанады. Ал қалған болымсыз және сұраулы сөйлемде есімдіктен кейін does көмекші етістігін қолданған кезде, негізгі етістіктің соңындағы - s немесе - es жұрнағы жалғанбайды.
Мысалы: She reads an interesting book
She does not read an interesting book
Does she read an interesting book?
• Cats like milk.
• Birds do not like milk.
• Do pigs like milk?