Даналық ағашы іскерлік ойынының сұрақтары

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Алкандардың алынуы, қасиеттері, таралуы.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға алкандардың алынуын, физикалық, химиялық қасиеттерін және таралуын меңгерте отырып, химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ - жауап, ой - толғаныс. Репродуктивті кестелермен жұмыс. Іскерлік ойындар.
Сабақтың көрнекіліктері: 2. Дидактикалық ойын Химиялық суреттер .

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа қажетті құралдарын түгелдеп, дұрыс отыруына назар аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Даналық ағашы іскерлік ойыны.
Бұл ойында оқушылар жеміс ағашындағы жемістерді алу арқылы өздеріне
ұпай яғни фишка жинайды.
Ең көп ұпай санын жинаған оқушыға жеміс ағашының ең ұшындағы Білім кілті табыс етіледі. Яғни 5 деген бағаны иемденеді. Қалған оқушылар жинаған ұпай санына қарай бағаланады.
Даналық ағашы іскерлік ойынының сұрақтары:
1. Алкандарды басқаша қалай атауға болады? Не себепті?
2. Алкандар неге қаныққан көмірсутектер деп аталады?
3. Гамологтар дегеніміз не?
4. Гомологтық қатар дегеніміз не?
Келесі сұрақ тәжірибе сұрақ:
5. Белгісіз қаныққан көмірсутектің молекулалық моделі берілген.
Сұрақ: Малекулалық моделъ арқылы қаныққан көмірсутекті табу және оның изомері құрастыру.
6. Келесі сұрақ Бейне сұрақ
Бірінші сұрақты қоятын ауданымыздағы Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің химия пәнінің мұғалімі: Қаймақбай Күміс апай.
Сұрақ: Қаныққан көмірсутектердің барлығында көміртегі атомының тотығу дәрежесі бірдей емес, мысалы: метан молекуласында - 4;
Ал этан молекуласында көміртегі қандай тотығу дәрежесіне тең?
Жауабы: - 3;
7 Екінші бейне сұрақты мектебіміздің химия - биология пәнінің мұғалімі Ізбан Нұрсұлу апай қояды.
Сұрақ: 2 - метил 4 - этил гександа қанша изомер бар?
Жауабы: екі изомер бар.
2. Химиялық сурет
Келесі үй тапсырмасын сұраудың шарты сурет бейнеленген химиялық құбылысты табу. (презентацияда көрсетілген).

Алкандардың алынуы, қасиеттері, таралуы. жүктеу


Скачать


zharar.kz