Балалар назарын негізгі түстерге көңіл бөлуге, түстерді ажырата білуге үйрету

Скачать

Қызылорда облысы
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі
Есіркеев Қайрат Еленбайұлы

Сабақ тақырыбы: Бояулар бізде қонақта
Сабақ мақсаты: Оқушыларға бояулар туралы түсінік беру;
Балалар назарын негізгі түстерге көңіл бөлуге, түстерді ажырата білуге үйрету;
Негізгі бояуларды бір-бірімен қосу арқылы әр түрлі түстердің алу жолдарын үйрету. Жылы және суық түстерді меңгеру.
көрнекілік: қағаз беттері, бояу түрлері, әр түрлі суреттер.

Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгелдеу
Тақта көрнекілік ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақ
Түрлі түстерді қосу арқылы алуға болмайтын негізгі үш түс бар олар: қызыл, сары, көк ал екі түсті қосу
арқылы төмендегі түстерді алуға болады.
қызыл + сары - қызғылт
сары + көк - жасыл
көк + қызыл - сия көк
бұларды қосымша түстер деп атайды;
негізгі түстерді қосымша түстерге қосу арқылы басқа түстер алуға болады.

Түстерге байланысты ертегі.
Ерте, ерте. Ертеде хайуанаттардың түстері ақ болған екен. Бір күні жаңбырдан кейін аспанда
кемпірқосақ пайда болыпты. Кемпірқосаққа қызыққан түйе үстіне шығып қызғылт сары түстің үстімен
сырғанап түседі. Оны көрген басқа хайуанаттарда сырғанай бастайды. Сөйтіп айдаһар – жасыл арыстан - сары түлкі - қызыл түске боялады, кешке үйлеріне қайтып келгенде сарғыш түске боялған түйені сәбіз деп мазақ етеді, ашуланып ұялған түйе жасыл түстің үстімен сырғанап кәзіргі түсіне
боялады.
Оқушылар енді осы аңызға байланысты бояу түрлерімен жұмыс жасаймыз. Кемпірқосақ түстерін алып әр түрлі хайуанаттарды өздеріне тән түстерімен бояймыз.

IV. Қорытынды.
Балалар аяқтаған жұмыстарын талдап бояу.
Түрлерін атап ішіндегі негізгі және қосымша түстерді ажыратамыз
V. Үй тапсырмасы
Бояуларды пайдаланып әр түрлі жеміс-жидек салу, түстерін анықтау.


Скачать


zharar.kz