Павлодар облысы, Шарбақты ауданы,
Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің
директордың тәрбие ісі меңгерушісі
Шарпекова Ақмарал Сайлауқызы
Үздік бірлестік - 2015 байқауы
Мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан - жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
- Қыздар биін тамашалау
Жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді бүгінгі сайысымыздың қонақтары, ұстаздар!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой,
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.
Бүгін біздің мектебімізде тамаша кеш өткелі отыр. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім - тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, ұстаз деген атқа лайық бірлестік мүшелері сайысқа түскелі отыр. Құрмет пен қошемет көрсетіп, сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Шақырып жарыстарға сан салалы,
Бірлестіктер бәріңе жар салады.
Ту етіп достықпенен татулықты,
Сайыстың мүшелерін қарсы алайық.
Олар 1. ИФМ бірлестігі, информатика, физика және математика әдістемелік бірлестігі
2. Бастауыш әдістемелік бірлестігі
3. Жаратылыстану әдістемелік бірлестігі
4. Ізгілендіру әдістемелік бірлестігі
5. Мектепке дейінгі шағын орталық бірлестігі
Бүгінгі біздің байқауымыз ерекше өткелі отыр, ерекше дейтін себебім, мектебімізде беделді, білікті де білімді мұғалімдеріміздің бірі, математика пәнінің мұғалімі, көп балалы ана, аяулы жар, он саусағынан өнер тамған өнер иесі, жез таңдай әнші, қысқаша айтқанда, бойында барлық жақсы қасиеттерді сіңіре білген Майгүл Қабдоллақызының туған күнімен тұспа - тұс келуі. Майгүл Қабдоллақызы 37 жас мүшел жасқа келіп отыр. Бүгін сіз үшін ең айтулы күндеріңіздің бірі. Туған күніңіз құтты болсын дей отырып, сізді қошеметтеп ортаға шақырамыз. Мына бейнебаян сізге арналады, қабыл алыңыз.
Құттықтау, сыйлық беру.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін – деп, жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп кеткен. Ақын - жазушы Мағжан Жұмабаев айтып кеткен. Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін ұстаздарымыз енді.
Сайыскерлеріміздің ішінен бір - бір адамнан келіп, жереби алсын.
Сайысымыздың кезеңімен таныстырып өтейін:
1. Таныстыру
2. Жоба қорғау (7 - 8) минуттық
3. Үздіксіз білімге сапар (педагогикалық жағдаят және сұрақ - жауап)
4. Мектеп өмірінен қойылым
5. Қызықты да, мағыналы жұмбақтар жасыру
6. Өз өнерлерін көрсету.
Осындай тапқыр ұстаздар кез - келгенде,
Жетсін - ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен, әріптессіздер.
Тілейміз ізгі тілек сіздерге де!- деп, құрметті қауым! Сынға түсетін бірлестік мүшелеріне тағы да қошемет көрсетіп қоялық.
Ақ қазы мүшелері, армысыздар!
Қош кепсіз, есен сау бармысыздар?
Сіздерге үміт артқан бірлестіктер,
Әділдікпен төрелік айтыңыздар.
Әділдікпен баға берер ұстаздарға,
Әділдікпен қара қылды қақ жаруға,
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Үздіктерді таңдап бүгін алуға - деп әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1. Мектебіміздің директоры Айгүл Зарлыққызы
2. ДОТЖО Мадина Шамранқызы
3. Аудандық Жыл мұғалімі сайысының жеңімпазы, тарих пәні мұғалімі Жаслан Зейноллаұлы
4. Мектебіміздің психологы Камшат Габдулманапқызы
5. Ата - аналар комитетінің төрайымы Бозжиттова Тоғжан
1. Таныстыру кезеңі
Бүгінде озық - дәстүр, салт - сананы
Берік ұстап, сүйетін от панасын.
Ұстаздар кетсін өзін таныстырып.
Қуантып жолдас - жора, әріптесін, - деп сайысымыздың бірінші шарты, ата салтымыздан қалыптастып қалған Сәлем - сөздің басы дегендей сайыскерлеріміздің өздерін таныстыруға кезек берейік.
2. Жоба қорғау
Бәрімізді бей - жай қылған тақырып,
Сырласайық ой - теңізін сапырып.
Батыл болсын, анық болсын пікірлер.
Сөз маржаны жатсын тыңнан атылып, дей отырып таңдап алған тақырыптары бойынша жоба қорғау кезеңіне берейік.
3. Үздіксіз білімге сапар (пед - қ жағдаят, сұрақ жауап)
Қане достар пікірлесіп қарайық,
Қилы – қилы ойды ортаға салайық.
Сан – салалы асыл ойлар тоғысып,
Толғандырған жайды шешіп алайық.
Әдеп - ғұрып, салт – дәстүрі қазақтың,
Жарасымды, үйлесімді ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.
Жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын сынайтын және әдет - ғұрыпқа байланысты бір сұраққа жауап беру сәті де келіп жетті. (Сайыскерлерге табақтан карточка алып, сол карточкадағы жағдаятты шешу ұсынылады. Ойлануға 3 минут)