Есептер әлемі

Скачать

Математика
Тақырыбы: Есеп * + 2, * - 2
Мақсаты:
1. Оқушылардың есептер шығару, теңдіктер құрастыру, өрнектерді салыстыру, сандар құрамын анықтай білу дағдыларын бекіту.
2. Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
3. Логикалық ой - өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру, математикалық білімін кеңейту.
Көрнекілігі: слайд, геометриялық фигуралар, дидактикалық материалдар, сыйлықтар.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап,
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың типі: ашық сабақ

Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық:
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.

Сыныпты сабаққа дайындау.

ІІ. Өткенді пысықтау. Ауызша:
- Балалар, біздер оқу жылының басынан, осы кезге дейін математика сабағынан не үйрендік?
- Олай болса, сол білімімізді ортаға салып, келесі сұрақтарға жауап беріп көрейік.
- Балалар, экранда не бейнеленген? (сыйлықтар)
- Біздер сыйлықты қай кезде аламыз?
- Сабақта үлгілі, тәртіпті, ата - аналарыңды тыңдап, ақылды болып өсіп келе жатқандарыңды көріп Аяз ата сендерге сыйлықтар жіберіпті.
- Олардың көлемі қандай? (үлкен, кішкентай)
- Жарайсыңдар, жасыл сыйлықтар нешеу? Қане, бірге санайық. (6 - ау)
- Ал, қызыл сыйлықтар нешеу? (4 - еу)
- Қайсысы көп, қайсысы аз?
- Барлығы неше ойыншық? ( 10)
- Бәрекелді, балалар, біздер онға дейін тура және кері санап білеміз ба?
- Олай болса, барлығымыз бірге санайықшы.
- Қап, балалар, біздің сыйлықтарымызды мыстан кемпір келіп математиканың сан қилы әлеміне шашыратып жіберіпті. Олай болса, сыйлықтарымызды алу үшін, математика әлеміне бірге саяхаттап келеміз ба?
- Иа.
- Олай болса кеттік. Бірінші сыйлығымыз есептер әлеміне түсіпті. Сыйлығымызды алу үшін оқулықтағы 1 - ші тапсырманы орындауымыз керек.

ІІІ. Математика әлеміне саяхат.
1. Есептер әлемі:
- Тапсырманы орындамас бұрын есеп дегеніміз не есімізге түсірейік? (көрнекілікпен түсіндіру)

№1 тапсырма. Оқушыға оқыту, талдау. (оқулықпен жұмыс)
- Есеп не жөнінде? – машина.
- Қандай машина жөнінде? – ойыншық.
- Машинаның басқа қандай түрлері болады?
- Жарайсыңдар, Арманда неше, Ермекте неше машина бар? Бұлар белгілі ма?
- Есеп бізден не сұрайды? – Оларда барлығы неше машина бар екенін.
- Оны табу үшін не істейміз? – Екеуін қосамыз.
- Нешеге тең болды? (6)
Шешуін және жауабын дәптерге жаз.
- Есептер әлемі бізге не үйретті?

2. Теңсіздіктер әлемі:
№2 тапсырма. (ойын)
Шыршаны безендіру . Шыршаның оң жағына тура теңсіздіктерді, сол жағына тура емес теңсіздіктерді тауып орналастыру.
0 2 93 76 41
- Бұл әлем бізге не үйретті.

3. Айырмалар әлемі:
№3 тапсырма. Азайғышы 2 болатын айырмаларды жаз. Олардың мәндерін тап.
- Азайтудың компоненттерін ата.
- Демек, бізге азайғыш ы 2 болатын айырмаларды жазу керек. (тақтаға, дәптерге)
- Айырмалар әлемінен не білдік?

4. Амалдар әлемі: (Өзіндік жұмыс.)
№4 тапсырма.
а) (оқулықта).
7+2
2+7
9 - 2
9 - 7
8+*
*+8
*- 2
*- 8

ә) дәптерде.
4+1
6+1
8+1
5 - 2
7 - 2
9 - 2
- Амалдар әлемінен біз не білдік?

5. Сергіту әлемі:
- Балалар, біздер сергіту әлеміне де келіп жеттік. Олай болса барлығымыз орнымыздан тұрып, бой сергітіп алайық.(видео)

6. Шығармашылық әлемі: (геом. фигура. дәптер)

7. Логика әлемі:
ә) оқулықта (жасыл қоршау)
Екі шаршы қалатындай етіп, үш таяқшаны алып таста. (ауызша)

8. Каллиграфия әлемі:
№5 тапсырма. (дәптерде)
696
969

9. Қорытындылау әлемі:
- Сонымен, бүгінгі сабақ бойынша келесі сұрақтарға жауап беріп көрейік.
Сұрақтар:
- Есеп неден тұрады?
- Салыстыру амалдарын ата.
- Өрнектің түрлерін ата.
- Азайтудың компоненттері ата.
- Қосудың компоненттерін ата.
- Қосуға кері амал.

- Бәрекелді, балалар! Сендер, Аяз атамызға сыйлықтарын жинауға көп көмектестіңіздер. Аяз атамыз сендерге рахмет айтып жатыр.

10. Мадақтау әлемі:
- Сабаққа жақсы, белсенді түрде қатысқандарың үшін Аяз атамыз, сендерге сыйлық беріп жіберіпті. Рахмет, оқушылар!


Скачать


zharar.kz