Барлық оқушылар - Өлеңді мәнерлеп оқы

Скачать

Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жуынамын күнбе-күн. Кірқоймас
Оқу мақсаты 2. 1. 5. 1 - өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу;
2. 2. 4. 1 - мақал - мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс - салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;
2. 3. 3. 1 - шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну;
Тілдік мақсат: Тақырып бойынша терминдер: жылға, самаурын, қолжуғыш, сатпақ, кірқоймас, гигиена.
Құндылықтарды дарыту: Ұжымшылдыққа тәрбиелеу, жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарын қалыптастыру.
Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы: Белсенді әрекеттер барысында техника қауіпсіздігі ережесін сақтау
Пәнаралық байланыс: Көркем еңбек, дүниетану, қазақ тілі
АКТ қолдану дағдысы: (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз): Дерек көздерімен жұмыс, слайд, кеспе қағаз, оқулық, видиожазба.
Алдыңғы меңгерілген білім: Тазалықты сүйемін

Сабақтың басы
Психологиялық дайындық:
Зейінді сабаққа аудару
Қол ұстасып, өзімізбен де, айналамен де сәлемдесейік.

Айтамыз алғыс қайталап,
Тыңдайды бізді шартарап.
Өмір сүру – бір бақыт.
Дос бола білу – шын бақыт!
Топқа бөлу: түрлі - түсті шарлармен
1 топ: Денсаулық
2 топ: Тазалық
3 топ: Байлық
Үй тапсырмасын пысықтау. (Айтылым)
Топтық жұмыс. Постер қорғау
Тазалық - денсаулық кепілі тақырыбында әр топ постер қорғайды.
Қ Б: бағалау тақташасы

Жаңа сабақ
Миға шабуыл (әдіс) арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
- Жылт - жылт етеді,
Жылғалардан өтеді. (Су)
- Тазалық деген не?
- Гигиена дегеніміз?
- Тазалықтың қажеттігі не?
- Тазалық сақтау ережелері қандай?

Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы бүгін сабақтың тақырыбын анықтау.
Жаңа жабақтың тақырыбы: Жуынамын күнбе-күн. Кірқоймас.
Тыңдалым
Өлеңді жазбадан тыңдату. Тақырыпқа сәйкес видиожазба тамашалайды

Түсіндірме сөздікпен жұмыс:
Гигиена – денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ілім. (Ұ) Үштілділік: Тазалық – чистота - purity

Сабақтың ортасы
1 - тапсырма: Айтылым
Өрмекші әдісі
Оқушылар шеңбер бойлай тұрып денсаулық, тазалық туралы мақал - мәтелдер айтып өрмекші торын жасайды.
Қ Б: Ауызша бағалау. (Керемет, жарайсың, тапқырсың)

2 - тапсырма: Жұптық жұмыс. Жазылым, айтылым
Т әдісі. Сұрақтарға қысқаша жауап жазады
1. Заттардың баладан қашуы. Неліктен?
2. Заттардың қайта оралуы. Неліктен?
Т
Қ Б: Смайликтер арқылы бағалау
Сергіту сәті:

3 - тапсырма:
Саралау әдістері - әрбір оқушының мақсаттарға қол жеткізуіне ықпал етеді.
Барлық оқушылар – Өлеңді мәнерлеп оқы;
Көпшілік оқушылар – Өлеңді мазмұнына қарай екі топқа ажырат;
Кейбір оқушылар – Жеке бас гигиена ережелерін құрастыр;
Дескриптор:
1). Өлеңді мәнерлеп оқиды;
2). Өлеңді екі топқа ажыратады;
3). Ереже құрастырады;
Қ Б: Смайликтер арқылы бағалау

4 - тапсырма: Топтық жұмыс
Жұмбақты шеш
1Жуынып болғанда
Жүреді қолдарда (орамал)

2 Түйістіреді көзіңді көзіңе
Жолықтырады өзіңді өзіңе (айна)

3 Қалтамда жатыр тісі бар
Тістемей – ақ істер ісі бар (тарақ)

4 Қант та емес, ұн да емес.
Ұқсастық бар ептеген.
Тістің бәрін аппақ қып,
Тигізеді септігін. (тіс пастасы)
Басбармақ арқылы бағалау

Мектеп: Т. Рысқұлов атындағы мектеп - лицейі
Мұғалім: Қабланова Жазира
Жуынамын күнбе-күн. Кірқоймас жүктеу


Скачать


zharar.kz