Қал сұрайды пенделерқызықтайтын

Скачать

АНА
Автор: жас ақын Бек Ноғайбайұлы.

Ана,
Ауыл жақта барады
сағындырып,
Бұл жақта атқанымен
таңым күліп.
Қасында жүргенімде
періште едім,
Қалада жіберді ғой
қағындырып.

Ана,
Кім бақытты өмірде, кім
құсалы?
Періштенің ібіліс
құрбысы - әні!
Ән сұратып әлемнен
отырғанда.
Қаусыратып барады түн
құшағы.

Ана,
Сен келесің ұлыңды
құшып қай күн?
Қал сұрайды пенделер
қызықтайтын.
Тез болар ма -
дәрігерлер деп жүргенде,
Кез болар ма, өзің кеп
ұшықтайтын?

Ана,
Несіне қу қалаға
безектедік?
Аяғыма тұрармын кезек
келіп.
Келемін деме ана, барып
тұрып,
Беремін өзім саған тезек
теріп.


Скачать


zharar.kz