Қазылар орнықтырар әділдіктіКімдердің жауаптары кәдік шықтыБіліммен тапқырлықтың жырысыңдарЖеңіске жетер дейміз нағыз мықты - дей келе әділ - қазылар алқасын сайлап алайық

Скачать

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қиятбаева Дана Дүйсенқызы

Жігіт сұлтаны сайысы
- Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Көңілді кеш жасайық
- Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар сіздерді 3 - 4 сынып оқушыларының арасында өтетін жігіт сұлтаны сайысын көруге шақырамыз.
- Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәдік шықты
Біліммен тапқырлықтың жырысыңдар
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты - дей келе әділ - қазылар алқасын сайлап алайық.
1...
2...
3...
Асқақтаған ән дайын
Күмбірлеген күй дайын
Ал, қанекей қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар
(әділ - қазылар алдындағы белгіленген номерлерді таңдап алу)
- Жігіт сұлтаны сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
1 - кезең Таныстыру
2 - кезең Өз - өнерін көрсету
3 - кезең Білімнің мініп кемесін
4 - кезең Ойға шабуыл
5 - кезең Үй тапсырмасы
6 - кезең Спорт - денсаулық кепілі
Сайыскерлеріміз дайын болса сайысымызды бастайық.

1 - кезең Таныстыру
Жақсы адам кімге болсын болар пана
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы сай келетін
Шақырайық Оңталапты ортаға

Қуантады білімімен Арсен
Қол соғып, қарсы алайық оны біз
Білімің берік болсын талабыңа
Бүгінгі қабыл болып тілегіміз

Өнерге жастайынан жақын туған
Қазақтың дарынының жолын қуған
Өз өнерін көрсетер Дамир жігіт
Өзгеге ісі өнеге, үлгі боп тұрған

Салт - дәстүрін бабалардың
Сақтап биік самғаймыз біз
Ата - әке ағалардың,
Нұрлы жолын жалғаймыз біз - деп ортаға Дамирді шақырамыз

Қыздарды сыйлай білетін
Жөн сөзді айта білетін
Қырандай алғыр,
Сұңқардай өр,
Достыққа адал ұлымыз Ғарифулла

Қорықпаймын дауылдан,
Қорықпаймын ауырдан
Өжет, өткір болсын деп
Атам қойған Ғалым деп

2 - кезең Өз өнерін көрсету
3 - кезең Білімнің мініп кемесін(тест сұрақтарына жауап беру)

4 - кезең Ойға шабуыл
Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң
Еңбегің еңбектенген кетпес зая
Міндетке бір жетесің ойыңа алсаң

5 - кезең Үй тапсырмасы (өз қолдарынан жасаған қол өнер бұйымдарын көрсетіп, неден қалай жасағанын айтып береді.)

6 - кезең Спорт - денсаулық кепілі(спорт түрін көсетеді)

Бойларыңда от бар екен байқадым
Жүректерде шоқ бар екен байқадым
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым
Келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Қорытындылау.


Скачать


zharar.kz