Оқушылармен амандасып, оларды түгендеу

Скачать

Ежелгі Қазақстан тарихы 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: §14. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сабақтың мақсаты:
Сақтардың өз жерлерін сыртқы жаудан қорғағандағы ерліктері, Кирмен, Дариймен, Македонскиймен соғысы, Шырақтың өз елін қорғаудағы ерліктері туралы баяндай отырып, оқушыларды Отанын қорғауға, отансүйгіштікке, адамгершілікке, әділдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілік: карта, интер белсенді тақта, сақ батырларының суреттері.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасып, оларды түгендеу
2. Оқу құралын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ми қозғау суреттер туралы ой бөлісу (Есік қорғанынан алынған жәдігерлер)
1. Сақтардың тұрмыс - тіршілігі қандай болды және ол жайында кімдер жазып кетті?
2. Сақтар малдың қай түрін өсіруге көп көңіл бөлген?
3. Шірік Рабат қаласының сақтармен қандай байланысы бар?
4. Тарих атасы Герадот сақтар жайлы қандай мәліметтер жазып кеткен?

Жаңа сабақтың жоспары: Ойға шақыру . Төмендегі мақал - мәтелдердің түпкі түйінін түсіндіру.
1. Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды.
2. Судан тонын аямаған,
Жаудан жанын аямас.
3. Қара бет болып қашқаннан,
Қайрат көрсетіп өлген артық.

1. Кир әскерінің басып кіруі
Б. з. б 530 жылы сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кіріп, Сырдарияға дейін келіп, өз елшілерін Томириске жібереді. Бірақ Томирис әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ деп Рим тарихшысы Помпей Трог жазып кеткен. Герадоттың сипаттауынша, Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе - жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп, парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі .


Скачать


zharar.kz