Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық технологиялардың қоғамдағы рөлі (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Ақпараттық технология туралы оқушылар түсінігін молайтып, қоғамдағы және күнделікті өмірдегі ақпараттық технологияның маңызын ұғындырып, қолдану аясын түсіндіру. Ақпараттық ресурс, ақпарат нарқы, ақпараттық дағдарыс ұғымдарының мағынасын оқыту.
2) Дамытушылық: Оқушылардың жаңа технологиялармен жұмыс істеуге құштарлығын арттыру, ақпараттық технологияға қызығушылығын дамыту.
3) Тәрбиелік: Қоғамды алға жылжытуға, өмірді сүюге, өркениетке ұмтылуға тәрбиелеу. Ұлттық патриотизмді оқушы бойына сіңіру.
Сабақтың көрнекіліктері: Флипчарт, музыка, асық, қағаз, қайшы, плакат, клей
Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, математика, дене шынықтыру
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен тарауды қорытындылау
3. Сергіту сәті
4. Жаңа сабақ Әлеуметтік информатикаға кіріспе
5. Қызықты тапсырмалар
6. Сабақты қорытындылау: 2 жүрек, 1 тілек
7. Бағалау: Смайликтермен көңіл - күй білдіру
Саламатсыздар ма, оқушылар!!! Бүгінгі сабағымызда өзіміз аяқтаған Стандартты программалар тарауын қорытып, жаңа сабағымызда Әлеуметтік информатика тарауын бастаймыз. Ал, енді сабағымызды бастамас бұрын 2 топқа бөлініп алайық. Ол үшін ортаға келіп, Аюлар мен құстар ойынын ойнайық. Мен сіздерге Аюлар, жүріңдер деген кезде ормандағы аюларша қорбаңдап жүресіңдер, ал құстар, ұшыңдар деген кезде құстар сияқты қанаттарыңды қағып ұшасыңдар. Құстар болып 5 – 5-тен топтасып ұшып, 2 топқа бөлінесіздер. Әр топ өзіне информатикалық терминдерден ат қояды.
Топ ережесі: I. Тыныштық сақтау.
II. Бірін – бірі тыңдау.
III. Өз ойын ашық айту.
Енді, өткен тарау бойынша білім қорытындылап, практикалық жұмыстар орындайық.
Хан талапай. 10 асық беріледі. Әрбіреуінде 10, 20, 30 балдар жазылған. 2 командадан 2 оқушы шығып, ХАН ТАЛАПАЙҒА лақтырылған асықтардан 5 асықтан алады. Қызыл асықты алған командаға 1 тапсырма болмайды, орнына 20 балл сыйлық. Қалған 9 – тапсырма түрінде:
1. 10 балл: Калькулятормен есепте: 50 2+10=35
2. 30 балл: PAINT та гүлдің суретін сал.
3. 20 балл: Блокнотта мына өлең жолдарын альбомдық бетке жаз.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
4. 30 балл PAINT та фигуралар арқылы үй құрастыр.
5. 20 балл: WordPad - та өзің туралы мағлұмат жаз.
6. 20 балл: WordPad - та Информатика сабағы өтіп жатыр деп жазып, тексттің астына дәл осы уақытты түсір.(күннің жады мен сағатты)
7. 30 балл: PAINT - ты ашып, күннің суретін сал да, қасына келесі өлең жолдарын жаз:
Жарқырай бер, алтын күн
Нұрыңа әлем жылынсын
8. 10 балл: Блокнотты ашып: Білім кілті кітапта мақалды жаз және осы құжатты кітаптар деген атпен сақтап қой.
9. 10 балл: Калькулятормен есепте:
90+40 - 130=0
10. қызыл асық 20 балл сыйлық
Қатені анықтау
1 – топқа: Мен стандартты программалармен жұмысты бастау үшін ПУСК - ПРОГРАММЫ - ИНТЕРНЕТ әрекетін орындаймын. Ашылған қатардан блокнотты таңдап, ол арқылы сурет саламын. PAINT программасы арқылы ән, әуендерді тыңдап, калькулятормен мәтіндерді теремін және дыбыс жазу бағдарламасы арқылы есептерді шығарамын.
2 - топқа: Мен компьютермен жұмыс істегенде міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін терезелерге қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, калонкаға құжаттарымды сақтаймын
Ал, енді балалар, жаңа сабақ бастамас бұрын азғана сергіту сәтін өткізіп алайық. Балапандар биі.
Жаңа сабақ: Қоғамның ақпараттық ресурстары