Тақырыбы: Атмосфера
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың атмосфера тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталап, бекіту.
Дамытушылық: Атмосфера тақырыбын қайталай отырып, олардың білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға ұлттық ойындар туралы мәлімет беру, өзара сыйластыққа үйрету.
Сабақтың түрі: ойын түрінде
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, Жарты шарлар картасы, атлас
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Тақырыпты бекітіп, қайталау кезеңі
3. Сабақты қорытындылау кезеңі
4. Бағалау кезеңі
5. Үй тапсырмасын беру кезеңі
Сабақтың барысы:
Мұнда екі топқа бөлінеміз және топ басшылары болуы керек. Оның атқаратын міндеттері: топтағы жұмысты ұйымдастыру, әр ойыншысына көмектесу
Ұлттық ойындар
Ойынның шарты. Әр топқа 4 сұрақтан қойылады. Көп дұрыс жауап берген топқа ұпай саны көп беріледі.
1 - сайыс. Аламан бәйге
“Термометр’’тобына
1. Ауаның құрамында кездесетін газдарды ата.
2. Ауа райы деген не?
3. Бұлттардың түрлерін ата.
4. Жер шарында неше жылу белдеуі таралған?
Барометр тобына
1. Атмосфера қанша қабаттан тұрады?
2. Жел қалай пайда болады?
3. Ауаның температурасын өлшейтін құралды ата
4. Тұман деген не?
2 - сайыс. Көкпар жарысы
Біздің келесі ойынымыз Көкпар ойыны. Бұл ойында берілген терминдер анықтама беру. Қай топ бұрын табады сол топ ұтады..
Атмосфера-
Атмосфералық қысым-
Жел-
Бұлт-
Ауа рай-
Климат-