Балаларға жануарлар туралы түсініктерін тереңдету

Скачать

Білім бері саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сенсорика
Тақырыбы: Әркімге өз үйі
Мақсаты: Балаларға жануарлар туралы түсініктерін тереңдету. Оларды бір - бірінен ажырата алуға үйрету. Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу. Жануарлардың да үйлері болатындығын айтып, үйлерімен таныстыру.
Қолданылатын көрнекіліктер: бейнеролик, жануарлардың суреттері мен үйлері жабыстырылған шырпы қораптары, ит үйшігі, аю апаны.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап

Мотивациялық қозғаушы
- Балалар, бүгін бізде ерекше оқу қызметі, себебі бізге қонақтар келіп отыр. Қане, қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Сәлемдесу
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бізге келген қонақпен!
- Сәлеметсіздер ме!

Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Балалар, Жануарлар әлеміне саяхатқа шығамыз ба? Ол үшін сиқырлы кітабы бар Аю мен тышқанды шақырайық.
Әлемде бар көп жануарлар
Бір - біріне ұқсай беретін
Банан жейтін, суда жүзетін,
Тау мен тасты паналайтын
Өзен - көлді жағалайтын
Асыр салып ойнайтын,
Білгің келсе олардың бәрін
Аюдың ашып көр кітабын
Достар бар ғой көмектесетін
Аю мен тышқан, аю мен тышқан.
Ғажайып сәт
Тышқан: Сәлем, достар!
Аю: Сәлем, балалар!
- Сәлем, аю мен тышқан. Аю, тышқан сендерді шақырған себебіміз бізге Жануарлар әлеміне саяхатқа шығуымыз үшін сиқырлы кітаптарың керек болды.
Аю: Жақсы, сиқырлы кітабымды берейін.
Тышқан: Алақай, Жануарлар әлеміне саяхаттайтын болдық.
- Ендеше, бізбен бірге отырыңдар.
- Балалар, бүгін біз сиқырлы кітаптан қандай қызық көреді екенбіз, қане ашып көрейік?!
- Бұл не?
- Дұрыс айтасыңдар! Бұл – құмырсқа. Құмырсқа өте кішкентай болады екен, солай ма?! Балалар, ал мынау оның үйі. Оны илеу деп атайды. Не деп атайды екенбіз? Құмырсқа илеулерін өздері жасайды.
- Қане, кітабымыздың келесі бетін ашайық. Ал мынау не?
- Дұрыс айтасыңдар! Бұлар – құстар. Құстар қанаттары арқылы ұшады. Ал мынау оның ұясы. Құстар ұясын ағашқа шыбықтарды өру арқылы жасайды екен. Құстың үйін не деп атаймыз?
- Қане, келесі бетін ашайық. Ал мынау не?
- Бұл – ит. Балалар қараңдаршы ит біз жасап берген үйшікте жатыр екен, солай ма?! Балалар, иттің үйшігі қандай пішіндерге ұқсайды? Төртбұрыш және үшбұрыш.
Аю: Жарайсыңдар, балалар! Ақылды екенсіңдер! Ал енді балалар менің үйімді көргілерің келе ме?
Тышқан: Қане, ендеше кеттік!
- Балалар, қараңдар, бұл аюдың апаны. Аю мұнда қыс бойы ұйықтайды. Балалар, аюдың апаны үлкен екен, иә?!
Аю: Менің апаным өзіме қатты ұнайды. – Балалар, қане бір сергіп аюмен бірге би билейік.
Сергіту сәті
Аюдың әні
- Жарайсыңдар! Балалар, қараңдаршы, мына жерде біз жаңа сиқырлы кітаптан көрген жануарлар бар екен және олардың үйлері. Қане, әр жануарды өздерінің үйлеріне кіргізіп қояйық.
Ойын: Мекеніне апар

Қызылорда қаласы.
Балабақшада тәрбиешісі Төрахмет Тоқжан

Әркімге өз үйі. жүктеу


Скачать


zharar.kz