Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы
Ақбота шипажай типті балалар бақшасы тәрбиеші
Жұбатова Күміскүл
Сабақтың тақырыбы: Алтын күз сыйы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет: Тіл дамыту
Білімділік мақсаты: Күз мезгілі туралы түсінік қалыптастыру
Күзгі табиғат ерекшелігін көре білуге үйрету.
Дамытушылығы: Тілдерін дамыту, байланысты сөйлеуге үйрету
Тәрбиелік мақсаты: Табиғаттың сұлулығын көре және бағалай білуге, байқағыштыққа, сезімталдыққа, тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күзгі аула бағының суреттері, жемістер суреттері жемістер, мульяждар, дидактикалық ойындар, тақта, қуыршақ - машина т. б.
Методикалық әдіс: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, дидактикалық ойындар, дыбыстық ойындар, сергіту сәті, ғажайып сәт, тақпақтар қорыту.
Жаңа сөздер: жемістер, тәтті, ащы, жұмсақ, қатты.
Әрекет кезеңдері:
Мот. қозғаушы
Тәрбиелік іс - әрекеті
Ұйымдастыру:
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал, қанеки бәріміз
Сәлем дейін үлкенге
Іздену ұйымшылдығы - Балалар жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде ауа - райы қандай болады?
- Біздер қандай киімдер киеміз?
- Жаңбыр жиі - жиі жауа ма?
- Құстар қайда ұшып кетеді?
Ағаштың жапырақтары қандай болады?
Балалардың назарын Күз атты суретке аудару.
Күз туралы тақпақ айту
Тіл ұстарту жаттығуларын ұйымдастыру.
- ой - ой - ой - күн салқын ғой
- ыз - ыз - ыз келіп жетті күз
- ма - ма - ма апорт тәтті алма
Ғажайып сәт: Алтын күз боп киінген қуыршақты қарсы алу.