Ананың жұмбағы

Скачать

Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей Ордасы ауданы, Жәрмеңке ауылы,
Жәрмеңке бастауыш мектебінің мұғалімі
Хамзина Ағайша Нысановна

Тақырып: Анаға сәлем
Жүргізуші: Қымбатты аналар, әжелер, құрметті қонақтар!

8 - Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
1 - ші жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

2 - жүргізуші: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең шуағың аясындай гүл бақтың

Құрмет:- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Ақ жаулықты аналар әжелер, асыл да, аяулы аналар, ұстаздар, ару қыздар!

Бәрі:- Сіздерді 8 - наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!

Ән Ақ мамам

Айтолқын:
Ең аяулы есім ғой ана деген,
Бар тіршілік бақытты анаменен
Ананы жеткізгенше мұратына,
Білім іздеп лапылдап жана берем
Ананың оттай ыстық алақаны
Болған соң ойлайтыны бала қамы.
Баладан анасына мың сан алғыс,
Өйткені ол анасының балапаны.

Ән: Құттықтаймын мама, туған күніңмен Орындайтын:

Румия: Қамқорым да сенсің ана,
Сенсің ана ақылшым да.
Ұланыңды қасыңа алып,
Бастай бер алыс шыңға.
Жүретінім сенің жолың,
Жалтақтамай, аялдамай.
Асыл анам өмір бойы,
Ұшамын мен саған қарай.
Ән Ана туралы жыр орындайтын:
Құрмет: Өмірдің иесі сен, ғазиз ана.
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.
Аналық махаббатың кәусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Көрініс: Ананың жұмбағы . 2сынып
Автор: Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
Ана: Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңіздер?
Тұңғыш ұл: Мен оның басын балтамен шабар едім.
Екінші ұл: Мен оны мылтықпен атып тастар едім.
Кенже ұл: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жарық дүние әкелуші адам. ол – асыл ана. Сіз бізді 9 ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке бөледіңіз. Міне жұмбағыңыздың шешуі осы.

Ана: Жарайсың, кенжетайым!.
Матрос биі ұлдар тобы

Әдемі: Өмірге ана бұлақ ана пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем талай шешен.
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана, ол біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы Отанына
Ана деп біздің халық текке айтпаған

Алишер: О, анашым
Таянышым, тірегім.
Бар бақытты бір басыңа тіледім.
Мен жақсы болса екен деп қашанда,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің

Ән Жан сырым орындайтын:

Жұлдыз; Анам, анам, ақ анам
Менде өзіңдей ақ болам.
Айтқан тіліңді аламын,
Жұмсағанда барамын.
Ақ төсекке жатқызсаң,
Көзіңді жұма қаламын.
Құндыз: Құшағыңа кіргенде
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
Сегізінші Наурызбен
Құттықтаймын, анашым,

Ән Анамызға мың алғыс 2 сынып

Жантілек: Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі
Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін

Гаухар: Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.
Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана күн,
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.

Би Гүлдер биі Орындайтын: қыздар тобы

Айсана: Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

Айым: Жердегі бар тағамнан
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан,
Сүйікті адам барма екен.

Асылай: Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.

Көрініс Әжесі мен немересі Дүниеде не қымбат? 4 сынып
Немересі: - Әже деймін, әже,
Сұрақ қойғым келеді сізге.
Мен түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі: - Адам қымбат, қалқам.
Немересі: - Адамға не қымбат?
Әжесі: - Бала қымбат, қалқам.
Немересі:- Балаға не қымбат?
Әжесі: - Ана қымбат, қалқам.
Немересі: - Иә, десеңші әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі: - Сұрай ғой, қалқам. Не сұрасаң да жауап берейін.
Немересі: - Әже дүниеде не тәтті?
Әжесі: Ананың сүті тәтті.
Немересі: - Дүниеде не қатты?
Әжесі: - Атаның жүрегі қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп маған.
Бір ақыл айтайын саған
Тату болса – ағайын жақын,
Ақылшы болса - апайың жақын.
Бауырмал болса - інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын қарындасың.
Немересі:- Түсіндім, әже. Дүниеде не қымбат екенін? енді мен айтайын:

Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - әжең қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!

Айтолқын: Наурыз күні ана күні, әлем күні,
Әлемді тебірентер ана үні.
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.
Аналарға сыйлықтар беру.
2сынып
Гүлдей болсын өміріңіз
Нұрға толсын көңіліңіз
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз
3 - 4 сынып
Бесік жырың ғұмырымды күй қылған
Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған
Асыл ана, құтты болсын мерекең
Құшағыңа күллі әлемді сыйдырған

Хор Анамның тілі – аяулы үні


Скачать


zharar.kz