Сабақтың түрі. Сабақтың әдісі

Скачать

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сақтар туралы деректер, олардың қоныстануы, әлеуметтік жіктелуі, шаруашылығы,
тұрмыс жайлы толық мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың тақырып білім деңгейін байқауға есте сақтауға, өз ойын ашық,
ерін, жеткізе білуге қосымша ізденуі.
Тәрбиелік: Отанын шексіз сүюге елін, жерін қастерлей білуге, ұлтжандылық тәрбиелей білу.

3. Сабақтың жоспары:
Ойындар әлеміне саяхат
1. шежірелі тал,
2. балықтар ойыны
3. жұлдызды сәт
4. хронология

4. Сабақтың түрі: Қайталау пысықтау сабағы.
5. Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, ойындар, тесттер, картамен жұмыс.
6. Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан және дүние жүзі картасы, слайд, тест, суреттер.
7. Пәнаралық байланыс: Әдебиет
8. Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
Сабақта сыныпты 3 қатар бойынша жүргіземіз, яғни 3 топқа бөлеміз:
1) жауынгер сарбаз 2) малшылар, егіншілер 3) абыздар

1. Шежірелі тал:
Әрбір ұрпақтың өз шежіресі болады. Сол секілді бұл талдың өз шежіресі болады. Бұл тал жеміс салу үшін, алманың артындағы сұрақтарға жауап берілсе ол алманы талға ілуге болады, яғни өсіп жеміс салады. Егерде жауап бере алмаса, жеміс салмайды.
2. Балықтар ойыны:
Алдымызда плакатта судың толқындары. Су толқындарын өмірге теңеуге болады, бір шетте қалтада балықтар салулы, олар уақыт сәтін күтуде. Егерде балалар балықтың артындағы сұрақтарға жауап бере алмаса, мақсатсыз жағада қалып қояды.
3. Жұлдызды сәт:
Ертедегі адамдар рулар, тайпалар діни - сенім, нанымдарға сенген, жұлдызды қасиетті деп санаған. Сол себепті бұл ойынның да мағынасы өте күшті, егерде сұрақтарға дұрыс жауап бере білсе жұлдызы жанғаны, егерде жауапты бере алмаса, үмітінің аздығы байқалады.
4. Хронология:
Әрбір адамзат өз тарихын терең білуі керек. Хронология бойынша өткен тарихты еске түсіре отырып бастапқы сөздер, балалар аяқтауы қажет. Егерде аяқтай алмай қалса, тарихты әліде жете білмегендігіміз.
5. Шығармашылық жұмыстарды көрсете білу:
Қыркүйек басталғалы балаларға тапсырмалар берілген баланың сабақ барысында біз соны тақырыптың жоспарын құрадық, үйрендік, оны толықтырып жаза білуге үйреттім және сонымен қатар, балалар шама шарқынша сол тақырыпқа сай қол - өнер бұйымдарын жасады. Бұл теориялық білімді практикамен ұштастыра білуді, сезініп, үйрене бастады.

6. Қорытындылау:
Қорытындылай келе 6в сыныбындағы қайталау сабақтарымыз сабақ барысында қалыптастырған. Біліміміз, әдістеріміз, ойлау қабілетіміз материалдық, рухани мәдениеттерімізді ұштастыра білдік деп ойлаймыз.

7. Бағалау:
Оны да үш түрлі фигура арқылы 5 - 4 - 3 - бағалануы сабақтың соңында жинақтап алып, кім қандай баға алғандығын журналға қоямыз.

8. Үйге тапсырма:
Сақтар туралы әліде болса қазақ ғалымдарының зерттеулері туралы тереңірек іздене білуі.


Скачать


zharar.kz