Мағжан ЖұмабаевТүн бойынша сақ төбет, Үріп шықты шарқ ұрып, Жауды біліп аңдыған

Скачать

Мағжан Жұмабаев

Түн бойынша сақ төбет,
Үріп шықты шарқ ұрып,
Жауды біліп аңдыған.
Ac бермеді бәйбіше:
Үрдің,- деп,- босқа құр кеше,
Барқылдақ,- деп,- алжыған!
Түн болды тағы, кәр төбет
Бұралып жатты, үндемед,-
Қайтсін сорлы, қажыған!
Білгенін бөрі істеді,
Төбет тағы естіді
Кешегі сөзді алжыған!


Скачать


zharar.kz