Бір сөзбен ата

Скачать

Г. С. Титов атындағы №20 мектеп - гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Сахова Ажар Байдосқызы

Сабақтың тақырыбы: Астана – арман қала
Сабақтың мақсаты: Елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру,
Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір-біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут): Оқушылар дөңгелене тұрып,
Шаттық шеңберін құрады да бір - біріне жақсы тілектер тілейді.
Үй тапсырмасын тексеру. (5 минут) (Қазақстан Республикасының Рәміздері) Өрмекші торы әдісімен үй тапсырмасын сұрау.
• Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?
• Мемлекеттің әнұранның авторлары кімдер?
• ҚР мемлекеттік туының түсі қандай?
• Елтаңбада нелер бейнеленген?
• Елтаңбадағы шаңырақ ненің белгісі?
• Туымыздағы қыран бүркіт ненің символы?
• Елтаңба авторларын ата
• Ту авторларын ата
• Әнұранның қайырмасын орындап бер
Қазақстан республикасының рәміздері суреттерінің негізінде
(Ту, Елтаңба, Әнұран сөздері) 3топқа бөлу.

Ой шақыру .
- Балалар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын экранға назар аударып, Жүгінісовтер отбасының орындауындағы әнді тыңдайық!
• Ән қай қала туралы?
• Астана туралы не білесіңдер?
• Кім Астанада болды?
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол – саяхат сабағы. Елордамызға саяхатқа шығамыз.
- Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
- Карта.
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.

Саяхат картасы
1. Вокзал
2. Бәйтерек
3. Пирамида
4. Ақ Орда
5. Думан
6. Хан шатыры

1 - аялдама Вокзал . Балалар, Астана қаласының тарихымен танысу мақсатында, мына тапсырманы орындайық.
1 - тапсырма. Кестемен жұмыс.
Берілген анықтама бойынша әңгіме құрау
Оқушылар сөйлемдерді аудармасымен сәйкестендіру керек

2 - аялдама. Бәйтерек
1. Мәлімет беру.
Астана қаласының сол жағалауында Астана - Бәйтерек монументі орналасқан. Мұнда Өмір ағашы - Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі - 97 метр.
2 - тапсырма. Сөйлемдерді жазып, септік, тәуелдік жалғауларын анықтау.
1. Астана – Қазақстан Республикасының елордасы.
2. Қазір қаланың аумағы 200 шаршы шақырымды алып жатыр
3. Астанада 808429 адам тұрады (1 - қараша, 2013 жыл)
4. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алқабында орналасқан.

3 - аялдама Пирамида
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр.
3 - тапсырма
*Әр топ мәтін бойынша сұрақтар әзірлеп, Идеялар себетіне салады.
*Кезекпен сұраққа жауап береді.

4 - аялдама Ақ Орда
Ақ Орда Қ. Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш. м құрайды. Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты, ҚР министрліктер үйі орналасқан.
Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жасау.
Тапсырма: ғимарат, ескерткіш, болашақ сөздерін септеу

5 - аялдама Думан
Думан ойын - сауық орталығы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д кинотеатры, Джунгли аттракционы, боулинг, көпфункционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар.
Дарынды оқушылармен жұмыс

Тапсырма. Берілген сөздерді құрамына қарай талда.
сарайының, уақыттары, тұрғындарды.

6 - аялдама Хан шатыры
Ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кино театрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындары өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.

4 - тапсырма. Мәтінді оқып, Астана туралы постер жасау, оны қорғау.
- Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.
- Саяхат сендерге ұнады ма?
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де, келіп жеттік.

Сабақты қорыту. Cиқырлы сандық . Берілген сандарды таңдап, жасырынған сұрақтарға жауап беру.
1. Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?
2. Астанадағы ойын - сауық орталықтарын ата.
3. Бәйтеректің ұзындығы қанша?
4. Қ. Р тұңғыш президенті кім?
5. Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне неше жыл?
6. Бір сөзбен ата. Әнұран, елтаңба, ту.
7. Әнұранның авторларын ата.
8. Астанаға қандай тілек айтасың?
9. Адасқан сөздерді орнына қой.
Астана, орналасқан, қаласы, Солтүстік, аймағында.
10. Астананың болашағын қалай елестетесің?

Бағалау. Оқушыларды жинаған асықтары негізінде бағалау
Үй тапсырмасы: Эссе жазу. Астана – арман қала



Скачать


zharar.kz