Бөлу арқылы мәтіндерді бірнеше бағандарда орналастыруды ұйымдастыру

Скачать

Информатика 10 сынып

Тақырыбы: Беттерді бір – бірінен бөлу. Бөлу арқылы мәтіндерді бірнеше бағандарда орналастыруды ұйымдастыру. Тәжірибелік жұмыс.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға құжат беттерін бірнеше бағанға бөлу ережесін түсіндіре отырып оны практика жүзінде пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың жан - жақты ойлау қабілетін арттыру. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды білім мен біліктілікке тәрбиелеу және өзіндік дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап, ББҮ – кестесі.
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:
Компьютерлер, Интерактивті тақта. Компьютер бағдарламасы.

Сабақ барысы:
І Қызығушылықты ояту.
Сұрақ – жауап:
1. Құжат беттерін қалай безіндіре аламыз?
2. Фондық түсті қалай өзгерте аламыз?
3. Мәтіндерді бір орнынан екінші орынға қалай көшіруге болады?
4. Көшіру мен жылжытудың айырмашылығы неде?

ББҮ кестесі.

ІІ. Мағынаны тану.
ББҮ кестесі.

Беттерді бөлу (Разрывы страницы) опцияны не үшін пайдаланамыз? Құжаттармен жұмыс істеу барысында ағымдағы бет толық толмаса да, кей кезде жаңа беттен бастау тура келеді. Жаңа бетті бастау үшін, келесі команданы орындаңыз: Кірістіру (Вставка) Беттердің параметрі (Параметры страниц) Бөліну (Разрывы). Баған (Столбец) пункті арқылы мәтінді келесі бағанға орналастыруға болады. Графиктік объект қасында мәтіннің көмкерілуін орнату үшін Мәтін көмкерілуі (Обтекание текста) пунктін таңдаймыз. Разрывы (Бөліну) қосымшасыінде Разрыва страниц (Беттерді бөлу) бірнеше нұсқасы бар, олар: Бет (Страница), Баған (Колонки), Мәтін көмкерілуі (Обтекание текста) және Бөлімдер (Разделов): Келесі бет (Следующая страница), Ағымдағы бет (Текущая страница), Жұп беттер (Четные страницы), Тақ беттер (Нечетные страницы). 22 - сурет


Скачать


zharar.kz