Оқушыларды оқушы ережесіне сай отырғызу

Скачать

Мақсаты:
Өтілген дыбыс пен әріптерді меңгеру деңгейлерін анықтау. Жазу қабілеттерінің барысын бағдарлау.
• Ақпараттық технология негіздерімен жұмыс істеу арқылы, өзіндік қабілетті ұштау, шығармашылыққа баулу.
• Коммуникативтік қабілеттілік пен рухани адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Балапан телебағдарламасының қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер файлы, кеспе әріптер, дидактикалық материалдар
Қолданылған технологиялар: СТО, Ақпараттық, Ойын технологиялары.

Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту кезеңі
- Қонақтарды қарсы алу.
- Оқушыларды оқушы ережесіне сай отырғызу.
- Құрал - жабдықтарын түгендеу.
Балалар, бүгін бізде мұғалімдер қонаққа келіп отыр. Ол кісілер сендердің осы уақытқа дейін алған білімдеріңді байқамақшы. Сондықтан, оқушы ережесіне сай отырып, бар білгенімізді, үйренгенімізді ортаға салайық.
- Алдымен, Шаттық шеңберін құрып алайық, ортаға шығамыз.
- Балалар, осы жақын арада Қазақстан телеарнасынан балаларға арналған арнайы арна жүргізіле бастады. Аты қалай еді?
- Әрине, Балапан телеарнасы. Қандай бағдарламалар жүргізіледі?
- Ия, дұрыс айтасыңдар, Әліппе , Алақай, балақай , Шеберхана , Кел ойнайық , Ән салайық , Ғажайыпстанға саяхат , Айжұлдыз т. б
- Ал осы арнаның жетекшілерінің бірі кім еді?
- Ия, осы мектептің түлегі осы ауылдың тумасы Ж. Шәмел атты апаларың.
- Ендеше, бүгін біз сендермен, Балапан арнасының бағдарламалары арқылы Әліппеден алған білімдерімізді ортаға салып қайталаймыз. Келістік пе?

ІІ. Мағынаны тану кезеңі
- Олай болса, бүгінгі күнге дейін өткен әріптерді бастарыңа кигіземін, сендер сол әріптен басталатын тілек сөздер айта отырып, Кел, ойнайық танымдық бағдарламасына аяқ басасыңдар: (Балалар шеңбер жасайды)
А – Ата сөзі алтын сөз, Ойға тоқы парқын сез!
Б – Бейбітшілік заман болсын!
Т – Туған елдің ұлы бол!
Н – Нан көп болсын!
О – Отанымыз аман болсын!
Ғ – Ғалым бол!
Р – Рақымды бол!
Ж – Жеміс жидек мол болсын!
Д – Дастарханың мол болсын!
М – Мейірімді бол!
Қ – Қамбаларың дәнге толсын!
С – Сүйкімді де, әдепті бол!
Ш – Шаршамай білім ал!

- Жақсы, балалар айтылған тілектерге қуаныштымыз ба?
Хормен: Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым!
Арайлап атқан күнге!
- Осындай көңіл – күймен ойынымызды ары жалғастырамыз:
- Мұғалімнің сауалдары.
1. Дыбыс деген не?
2. Әріп деген не?
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Дауысты дыбыс деген не?
5. Дауыссыз дыбыс деген не?
• Үндемес ойыны: (Оқушылар буын, сөздерді оқиды)
- Орнымызға жайғасайық.
• 3 оқушы тақтаға сағат, жұмбақ, қошақан сөздерін кеспе әріптен құрайды.
• Оларды буынға бөлу. - Дыбыстық талдау жасау.
• Интерактивті тақтаға: 3 оқушы сөйлем жазады:
1. Сұлтан – жақсы оқушы.
2. Құстар пайдалы.
3. Балға – сайман.
Венн диаграммасына дыбыстарды топтастыру:

ІІІ. Алақай, балақай спорттық бағдарламасы:
- Қара жорға биінен үзінді билеу.
ІҮ. Әліппе атты білімпаздар әлеміне шақырамын:
- Қазір, осы сыныпта қанша бала болса, тақтадан сонша әліппе оқулығының беті ашылады. Біз кезек - кезек келе отырып, жылдамдата, қаттырақ оқып беріп отырамыз.
- Орнымыздан іштей оқып отырайық, қалғанымыз.
Оо -----Ңң
Ыы ----Ұұ
Шш ---Мм
Оо -----Ққ
Дд ----Сс
Бб
Жж

Ү. Дәптермен жұмыс
Көру диктанты
Тоқтар аға – ұшқыш. Талаптыға нұр жауар.
ҮІ. Ойтолғау
І топ: ----------------------ІІ топ:
Шеберхана ------- Ән салайық бағдарламасы:
- Әр оқушының алдына ермексаз,түрлі - түсті қағаз, желім беріледі.
Күз тақырыбына жұмыс істеу.
- Ерекше қабілеті бар Сұлтанбек тақтада сурет салады.

- Әліппе өлеңінің 1 - 2 шумағын жаттау. Әнімен айту.
- Сонымен балалар бүгін біз сендермен қандай бағдарламаға қатыстық?
- Қайталау – білімнің анасы - деген екен. Өткен сабақтарды қайталап жүру керек. Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
ҮІІІ. Мадақтау.
- Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін Ғажайыпстанға саяхатқа шығамыз.

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,
Нұркен ауылы. Бастауыш сынып мұғалімі
Нұрмағанбет Жібек Серікқызы


Скачать


zharar.kz