Гүлдер ортаңғы тобы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет
Тақырыбы: Теңіздегі кит
Мақсаты: Кит туралы түсінік беру. Бояуды дұрыс таңдауға, дәстүрден тыс әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, китті бейнелеуге үйрету. Қоршаған ортаны қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Балалар ән әуенімен ішке кіреді.(топ теңіз кейпінде жабдықталған)
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге көптегенқонақ апайлар келіпті. Келген қонақтармен амандасайық.
Балалардың барлығы бірге амандасады.
Тәрбиеші: Балалар, мен сіздерге бір ұсыныс жасағым келіп тұр.
Сіздер келісесіздерме?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Ендеше балалар бүгін біз теңізге саяхат жасайық, ол үшін бізге кімнің көмегі керек?
Балалар: Капитанның.
Тәрбиеші: Ал, капитан қандай болу керек?
Балалар: Батыл, әрі күшті болу керек.
Тәрбиеші: Олай болса менде мықтымын, күшімде көп, өзім – ақ капитан бола салайын.
Теңізге шығу үшін біз кез - келгенжағдайға дайын болуымыз керек. Өзімізді мықтап дайындауымыз керек.
Тәрбиеші: Ал, капитан дайын, сақшылар дайынсыңдар ма?
Бізді үлкен кеме күтіп тұр, кеттік кемеге.
Тәрбиеші: Теңізге аттанбас бұрын, керек заттарымызды дайындап алайық.
Бізге бірінші не керек?
Балалар; Құтқарушы желет, батып кетпеу үшін құтқарушы шеңбер керек.
Тәрбиеші: Ал, біздің құтқарушы шеңберіміз қайда?
Ойын: 4 санының көршісін тап
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, сақшыларым менің!
Әлі бізге не қажет деп ойлайсыңдар?
Балалар. Теңіз бауы қажет.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!
Теңіз сақшылыларының қолдары күшті, әрі епті болу керек.
Қанекей, қолдарымызды жаттықтырып, теңіз бауын байлап көрейік.(балаларға теңіз бауын байлап көрсетеді)
Қолымызды дайындадық, енді желкенді көтеріп теңізге аттанайық!
Тыныс алу жаттығуы:
Тәрбиеші: Қане балалар сиқырлы дүрбімізді алып, теңізді бір бақылап көрейікші.
Теңіздің астында әр түрлі теңіз мекендеушілері өмір сүреді екен. Қараңдаршы мын жүзіп жүрген теңіз мекендеушілерінің ең кішікентай қайсы? Ал, ең үлкені не – деп ойлайсыңдар?
- Олар немен қорктенеді?
- Құрлықта өмір сүре алама?
Тәрбиеші: Олар мұхитта яғни суда өмір сүруге жаратылған, құрлықта олар өмір сүре алмайды. Олар теңіз шөптерімен өздерінен кішкентай теңіз мекендеушілерімен қоректенеді екен.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы мен арал көріп тұрмын. Сақшылар орнымыздан тұрамыз, аралға түсіп, бақылау жасап көрейік.
Сергіту сәті:
Ал, балалар тұрайық,
Мойнымызды бұрайық,
Қолымызды созайық,
Су ішінде қалықтап
Қане жүзіп алайық,
Оңға бір, солға бір қарап
Денемізді бұрайық.
Ойын Ойлан тап
Тәрбиеші: Ой, балалар мына жерде бірдеме жатқан сияқты. Мен қарап көрейін.
(тәрбиеші сандықтан ойындармен түрлі түсті сымдар табады)
Балалармен жұмыс.
Тәрбиеші: Балалар осы бейнені қағаз бетіне түсіріп көрсек қайтеді? Су мекендеушілерінің ең үлкені Кит екен ия. Мына теңіз китке таршылық етеді. Китті біз мұхитқа орналастырып көрейік.
(қағаз бетіне киттің бейнесін түсіреді )
Тәрбиеші: Ой жарайсыңдар!
Біздің китімізге енді жайлы болған сияқты. Китіміз мұхитта еркін жүзе тұсын, біздер бойымызды сергітіп аралды бір аралап қайтайық.
Тәрбиеші: Балалар мана сандықтан әр түрлі тапсырмалар шықтығой, естеріңде ме? Қанекей сол тапсырмаларды орындап тастайық!
(қатты толқынның дыбысы естіледі)
Балалар мына жел көтеріліп кетпей тұрғанда балабақшамызға жетіп алғанымыз дұрыс болар.
Қанекей сақшыларым дайындалаыңдар!
Мұхитқа келіп,
Көп нәрсе көрдік
Балық, шаян, китпенен
Достасыпта үлгердік.
Ой, міне балабақшамызғада жеттік!
Балалар түсе қойыңдар!
Бүгінгі саяхатымыз Сіздерге ұнады ма?
Біздер қандай теңіз мекендеушілерімен таныстық? Ненің бейнесін қағаз бетіне түсірдік?
Балалар мына тауып алған сандықтың түбінде тағы бірдеңе бар сияқты. Қазір топқа барып, тағы асықпай қарап көрейік!
Осымен біздің ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды.
Қонақтарға сау болыңыз айтайық.