Ж. Аймауытовтың Әнші әңгімесіндегі Әмірқан бейнесіСабақтың мақсаты:Білімділік: әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Әмірқан бейнесін жан - жақты талдау

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытовтың “Әнші” әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Әмірқан бейнесін жан - жақты талдау.
Дамытушылық: “Әдебиет пен өнер егіз” деген ұғымды ашу. Жеке және топтық жұмыста шапшаңдыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды өнер құдіретін сезінуге тәрбиелеу, ұлттық құндылығымыз бен намысымызды қорғай білуге үйрету, ұлтжандылыққа, өз еліне деген сүйіспеншілікке баулу.

Сабақтың міндеті: Әмірқан бейнесін жан - жақты ашу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру.
Сабақтың көрнекілігі: Жазушы шығармалары, кесте, интерактивті тақта.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, мінездеме, салыстыру, ой - түйін жасау.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, география.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен амандасу
ә) оқушыларды топқа бөлу
2. Үй тапсырмасын сұрау
Бөлінген үш топ үй тапсырмасын үш бөлім бойынша әңгімелеуі тиіс.
І. “Болашақ” тобы
Әншімен алғаш танысу
ІІ “Ұлан” тобы
Наурыздағы ойын - сауық
ІІІ. “Өнерпаз” тобы
Әншінің үйінде
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Балалар біз өткен сабақта талантты жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың “Әнші” әңгімесімен танысқан болатынбыз. Осы “Әнші” әңгімесінде Жүсіпбек Аймауытов әнші Әмірқан бейнесі арқылы қазақ ән өнерін, ұлттық мәдениетімізді қалың оқырманға паш етті деп айтуға болады. Бүгінгі сабақта біз әнші бейнесін, яғни әңгімедегі Әмірқан бейнесін тереңірек ашуға бар ынта - жігеріміді сала жұмыс істейміз.

Балалар, сендер білесіңдер ме, осы әңгімедегі Әмірқан бейнесі арқылы қазақтың қандай атақты тұлғасының прототипі берілгенін?
Прототип - (грек сөзі: түп - төркін, негізгі бейне) әдеби шығармадағы кейіпкерлердің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын өмірде бар адам, яғни түпкі тұлға.
Әміре Қашаубаев туралы мәлімет
Әміре Қашаубаев (1886 - 1934)

1886 жылы Семей қаласы, абралы ауданына қарасты дегелең тауының етегінде туылған. “Ағаш аяқ”, “Үш дос”, “Қос барабан”, “Қызыл бидай”, “Смет”, “Жалғыз арша” сияқты классикалық әндері Әміре айтқан үлгімен орнығып, кейінгі әншілердің репертуарларында жалғасын тауып келеді.

“Әміренің адамшылығы өте зор еді. Барынша әділ жүректі еді. Дүние үшін қабақ шытып, бір тарықпайтын. Қоң етін кесіп беретін жомарт еді. Әміре ән салғанда әнді көркемдеп, аспандата айтар еді. Қандай әнді болса да түзеп, кесек бейнелі ән қып айтып жүрсе де, мынаны мен түзедім демес еді. Әміре әнді ылғи сүйіп, ұнатып, өзі әнге ғашық болғандай айтатын. Халық көп болса делебесі қозып кететін”.

(Қалибек Қуанышбаев 1893 - 1968 жылдар
аралығында өмір сүрген, КСРО халық әртісі, қоғам қайраткері)

І. ДЕҢГЕЙ
Теориялық ұғымдарды еске түсіреміз
І “Болашақ” тобы: Жалқы есімдерді түр түсіне ажырату
ІІ “Ұлан” тобы: Диалогтарды тауып, рөлдерге бөліп оқу
ІІІ “Өнерпаз” тобы: Ұлттық ойын түрлерін, дәстүрлерді табу

ІІ ДЕҢГЕЙ
Жетелеуші сұрақтар
1. Автор Әмірқанның түр - түсін қалай суреттейді?
2. Әмірқанның мінез - құлқы мәтіндегі қандай жолдардан байқалады?
3. Ән, өнер туралы Әмірқанның өзі не ойлайды?
4. Тыңдаушыға Әмірқан әнінің әсері қалай сипатталады?
5. Әмірқан әнді қалай орындайды?

ІІІ. ДЕҢГЕЙ
Әмірқан бейнесін топтастыру стратегиясы бойынша көрсетіңдер
І “Болашақ” тобы: Мінезі
ІІ “Ұлан” тобы: Кәсібі
ІІІ “Өнерпаз ” тобы: Қарым - қатынасы
ІV. Қорытынды

1. Жазушының әңгіме жазудағы түпкі ойы не?
2. Хикаядан қандай әсер алдыңдар?
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма
“Егер мен жазушы болсам...” тақырыбында оқушылар шығарманы өз ойларымен аяқтап, пікір - болжам жасап келді.


Скачать


zharar.kz