Балалардың дала аңдары туралы түсініктерін тереңдету

Скачать

Мақсаты: Балалардың дала аңдары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Аңдардың тіршілігі мен қоректенетін ортасымен таныстыру сұрақ қою арқылы сөйлеу белсенділіктерін дамыту.
Баланың аңдарға қоршаған ортаға сүйіспеншілігін оятып, оларды қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, шаттық шеңбер, жұмбақтар, ойын.
Жаңа сөздер: Жабайы аңдар, көжек, бөлтірік, қонжық, жәутік.
Көрнекілік: Ағаштар, аңдар суреті, DUD аппаратурасы, теледидар
Шаттық шеңбер:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің ісі ғой!
Ал, қанекей, бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
- Саламатсыздар ма апайлар
- Таңертең тұрғанда нені көреміз?
- Күнге қолымызды созамыз
- Күннен алған жылуымызды бір - бірімізге таратайық.

Т:- Балалар жылдың қай мезгілі?
Б: Қыс
Т: Қыс мезгілінде неше ай бар?
Б: Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан
Т: Қыс айларында табиғатта қандай өзгерістер болады?
Б: Қар жауады, аяз, боран болады.
Т: Қыс мезгілінде немен ойнаймыз?
Б: Шанамен сырғанақ тебеміз, шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз.

Ғажайып сәт
Т: Бізге орманнан түлкі келеді
Түлкі: Мен орманнан келе жатып, сандық тауып алдым. Ол сандықтың ішіне сиқырлы ормандағы аңдарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды сандықтан шығару үшін жұмбақтарымызды шешуіміз керек.

Жұмбақтар:
Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал, оның баласын көжек дейді.

Аузы бейне шалғы, орақ,
Шөп емес, бірақ малды орады.

Өзі қу, әрі айлакер,
Жүрген жері айқай шу.

Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.

Балалар бұл аңдарды сендер қайдан көрдіңдер?
- Суреттерден, теледидардан көрдік

Т:- Бұлардың барлығын бір сөзбен не деп атаймыз?
Б: Жабайы жануарлар дейміз!
Т: Бұл аңдар қайда мекендейді?
Б: орманда, таулы жерлерде, мекендейді.
- Қыс түсімен көп жануарлар өздерінің ініне тығылады. Аюдың апаны қыс та жылуды сақтап тұрады. Ал, балалар қоян, қасқыр, түлкі, қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүні өседі.
- Жабайы аңдар жыртқыш және пайдалы болып келеді?
- Аңдардың бізге пайдасы мол, олардың терісінен тон, жаға киімдер, бас киімдер тігеді.

Тәрбиеші тақтаға жабайы аңдардың суреттерін іліп қояды.
Қоян - жабайы аң. Оның құлағы ұзын. Төрт аяғы бар.
Т: Қоян нені жақсы көреді?
Б: Сәбізді, шөпті жақсы көреді
Т: Қоянның түсі қандай?
Б: Қоянның түсі қыста ақ, жазда сұры болады.
Т: Қоянның баласын не дейді?
Б: Көжек
Т: Аю - жабайы аң, ол орманда тіршілік етеді Оның басы, денесі, төрт аяғы бар.
Т: Аюдың баласын не дейді?
Б: Қонжық
Т: Аюдың сүйікті асы қандай?
Б: Балық, балды, жеміс жидектерді жақсы көреді.
Т: Аю қыс мезгілінде қайда болады?
Б: Аю апанда қыс бойы ұйықтайды
Т: Аюдың түсі қандай?
Б: Ақ, сұры, қара болады
Т: Қасқырдың сүйікті асы қандай?
Б: Ет
Т: Қасқырдың түсі қандай?
Б: Қасқырдың түсі көк, құйрығы ұзын, тісі өткір болады
Т: Қасқыр қайда мекендейді?
Б: Орманда, жазықтықта, таулы жерлерде мекендейді
Т: Қасқырдың баласын не дейді?
Б: Бөлтірік
Т: Түлкінің баласын не дейді?
Б: Түлкінің баласын – түлкішек
Т: Түлкі немен қоректенеді?
Б: Ұсақ жәндіктермен, тышқанмен қоректенеді
Т: Түлкінің түсі қандай?
Б: Қызғылт сары
Т: Түлкінің жүні әрі жұмсақ, тығыз болады. Жыл маусымына қарай өзгеріп отырады

Тілімізді жаттықтыруға арналған тіл дамыту жаттығулары
Ян - ян - секендеген ақ қоян,
Ю - ю - ю - қорбандаған аю
Кі - кі - кі – бұл айлакер түлкі
Қыр - қыр - қыр - бұл көкжал қасқыр
- Енді осы аңдар туралы тақпақтарына кезек береміз.

Сергіту сәті
Біз орманға барайық,
Жан - жағымызға қарайық
Аю шықты қорбаңдап,
Қасқыр шықты ырылдап
Түлкі шықты майысып
Қоян шықты секіріп,
Қорықпаңдар, балалар
Қарап - қарап алыңдар

Дидактикалық ойын: Даусынан таны
Түлкі, түлкі түлкішек! өлеңін оқу сахналау
Қоян: Түлкі, түлкі түлкішек,
Түнде қайда барасың?
Түлкі: Апам үйіне барамын
Қоян: Апам саған не береді?
Түлкі: Ешкі сауып, сүт береді
Қоян: Оны қайда қоясың?
Түлкі: Тал түбіне қоямын
Қоян: Ит жеп кетсе қайтесің?
Түлкі: Ит аузынан аламын
Қоян: Ит бермесе қайтесің?
Түлкі: Жылай, жылай қаламын!

Ойын: Бұл ненің баласы?
Енді біз бейнетаспадан жалпы жабайы аңдар бар екенін көруге шақырамын. Аңдарға шолу жасау.
- Балалар енді осы жабайы жануарлардың суретін құрастырып жіберейік.
Т:- Өте жақсы құрастыра білді
Б:- Сонымен балалар бүгін біз қандай жануарлармен таныстық?
Б:- Жабайы жануарлармен
Т:- Жабайы жануарлардың қандай пайдасы бар?
Б:- Бізге олардың терісі пайдалы, өйткені олардың терісінен тон, бас киімдер тігіледі.
Түлкі: Мен сендерді бақылап байқап тұрдым. Сендер ақылды, зерек, тапқыр екенсіңдер, сіздерге менің әкелген сыйлығым бар.
Сіздерге түлкінің сұлулығын, қоянның жылдамдығын, аюдың мейірімділігін, қасқырдың батылдығын тілеймін.
Т: Балалар біз түлкімен және қонақтармен қоштасайық
Б: Сау болыңыздар!


Скачать


zharar.kz