Көптік жалғау

Скачать

Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 7 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 7 сынып
Тақырыптар:
91. Монолог
92. Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау
93. Септік жалғау. Жай септеу, Тәуелді септеу

Қазақ тілі 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы Монолог
Сабақтың мақсаты:
а) Монолог туралы түсінік беру;
ә) оқушылардың ой - өрісін, сана - сезімін, белсенді ойлау дағдыларын жандандырып, сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру, білімін дамыту, сауаттылыққа баулу, сабаққа ынталандыру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: таблицалар, деңгейлік тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Монолог - бір кісінің сөйлеуі немесе ойы. Монологте белгілі бір тақырыпты баяндап, сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсаты көзделеді. Онда адамның ойы, пікірі, көңіл - күйі, психологиялық ішкі толғанысы, саяси, ғылыми көзқарасы, дүниетанымы - бәрі анық байқалады. Белгілі тақырыпқа көпшіліктің алдында жасалған лекция, баяндамалар да монологке жатады. Монолог күрделі ойға құрылады., әдеби сөйлеу үлгісіне жатады.
Жаттығумен жұмыс: 309 - жаттығу Қожаның монологын мәнерлеп оқып, мәтінге ат қойыңдар. Диалогпен салыстырыңдар.
Топпен жұмыс: Сөйлей білу - үлкен өнер деген тақырыпта пікір сайыс өткізеді.
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 310 - жаттығу.



Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz