Тақырыбы: Жетісу тарихынан 100 сұрақ.
1. Қапал бекінісі мен Сергиополь станицасы салынған жыл: 1847жыл.
2. Іле мен Қаратал аралығын, Балқаш көлінің жағалауын қоныстанған Ұлы жүз рулары Ресейдің қол астына өткен жылы, қанша адам өтті? Жауабы: 1849ж., 59мың адам.
3. 1848ж. 10қаңтарда Жетісу өлкесінде Ресейдің құрған отаршылдық - әкімшілік құрылымы.
Жауабы:Ұлы жүзді басқару приставтығы.
4. 1859ж. Үлкен Орда приставтығы қалай аталды?
Жауабы: Алатау округі
5. Жетісу обылысы Дала генерал - губернаторлығына қараған жылы: 1882 - 1897жж.
6. 1897ж. Жетісу облысы қайтадан қараған генерал - губернаторлық: Түркістан.
7. 1850ж. салынған сауықтыру үйі: Қапал - Арасан
8. 1211ж. Жетісуға билік еткен найман билеушісі: Күшілік хан
9. 1853ж. Қапал - Арасанға қанша гектар жерге бақ отырғызылды?
Жауабы: 53га. жерге.
10. Талғарда 1866ж. салынған зауат: спирт зауаты.
11. Жетісу жеріне 1881 - 94ж. Қытайдан көшіп келген ұйғырлар шаңырағы: 9752 отбасы.
12. Семиреченские областные ведомости газеті шыққан жыл: 1884ж.
13. 1895ж. Қапал - Ақсу өңірінде Ешкіөлмес тауының баурайында, Тоғызқұмалақ мекенінде өткен айтыс: Біржан сал мен Сара
14. Маман баласы Тұрысбек салдырған 3 - кластық мектеп, кейін қалай аталды?
Жауабы: Мамания медресесі
15. Верныйда 1902ж. ашылған орыс географиялық қоғамының бөлімшесі: Жетісу.
16. Верный қаласында 1904ж. 16 - 22ақпанда Жетісу облысы мал дәрігерлерінің нешінші съезі өтті? Жауабы: I съезі.
17. Тал қорған қыстағында 1868ж. салына бастаған село: Гавриловка.
18. М. Тынышбаев Ресей отаршылдарының қазақ даласындағы, жымысқы, озбыр саясаты туралы сөйлеген съезі. Жауабы: Автономшылар одағының I cъезі.
19. Жетісуда өлкелік мұражай құрылған жыл : 1909ж.
20. Ақсу ауданы Қарағаш мекенінде Маман балалары салдырған Мамания мектебі ашылған жыл: 1914ж.
21. 1916ж. Жетісу өлкесіндегі ұлт - азаттық жолындағы қозғалыстың ірі ошақтарының бірі: Самсы көтерілісі ( Ботбай көтерілісі)
22. Бұрынғы Талдықорған облыстық газеті Заря шыққан уақыт: 1917ж.
23. Жетісу темір жол құрылысы басталды: 1914ж.
24. 1918ж. 21маусымда Жетісу ісші халық мұқбыры газеті қазір қалай аталады?
Жауабы: Жетісу газеті.
25. Облыс аумағында әкімшілік – аумақтық бөлік ретінде Сарқант, Талғар, Іле аудандары құрылған жыл: 1928ж.
26. 1928ж. 3 - қыркүйекте құрылған округ: Алматы.
27. Мұқан Төлебаев 1946ж. жазған опера: Біржан - Сара .
28. Текеліде 1950ж. 23 - желтоқсанда іске қосылған комбинат: қорғасын - мырыш.
29. Жетісу археологиялық экспедициясы (А. Б. Бернштам басқарған, 1939ж) зерттеген обалар: Қарғалы обасы, Қаракемір қонысы, Түрген обасы.
30. Талдықорған қаласында 1932ж. ашылған зауат: қант зауаты.
31. Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді: 1931ж. 1 - қаңтары.
32. 1938ж. Қазақ филармониясына аты берілген ақын: Жамбыл.
33. 1954 - 1963жж. қазіргі Жетісу газеті қалай аталды? Жауабы: Коммунизм таңы .
34. Жетісу археологиялық экспедициясы Есік обасынан алтын адамды тапқан жыл: 1969 - 1970ж.
35. Іле бойында 1970ж. салынған бөген: Қапшағай.
36. Сарқант мәдениет училищесі ашылған уақыт: 1971ж.
37. 1973ж. Талдықорған педогогикалық институты студенттерінің күшімен құрылған ән - би ансамблі: Жетісу ән - би ансамбілі
38. 1991ж. Қазақстан мен Қытай арасында теміржол өткелінің құрылысы қалай аталды?
Жауабы: Достық - Алашанькоу
39. Талдықорғанда Қабанбай батырдың 300жылдық мерейтойы өткен жыл: 1992ж. 29қаңтар.
40. 1992ж. 5 - маусымда Қапал ауданының Қарашоқы мекенінде қай ақынға арнап ескерткіш ашылды? Жауабы: Сара Тастанбекқызына.
41. 1996ж. ұйымдастырылған ұлттық - табиғи паркі: Алтынемел .
42. Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласы болып өзгеру туралы президент жарлығы, жылы. Жауабы: №585 жарлығы, 2001ж. 14 - сәуір.
43. 2000ж. 10 - наурызда Талдықорған ауданы қалай деп өзгертілді? Жауабы: Ескелді ауданы.
44. Ж. Жабаевтың туғанына 150жыл толу құрметіне өткізілген бүкілхалықтық мереке өткен жер: Жамбыл ауданы, Көкбастау жазығы.
45. 1996ж15 - қыркүйекте Нарынқол мен Қарасаз жолайрығына ескерткіш орнатылған батыр: Райымбек батырға.
46. Қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлихановқа мемориалдық кешен ашылған жер: Алтынемел баурайы.
47. Талдықорған қорғасынды аккумулятор зауатында алғашқы аккумулятор шыққан жыл: 1975ж.
48. Облыстық драма театры ұйымдастырылды: 1975ж.
49. 1967ж. іске қосылған бөген: Күрті.
50. Үшарал халық театрын ұйымдастырушы: Д. Рақышев.
51. Талдықорған облыстық Октябрь Туы газеті 1968ж. бастап аптасына неше рет шыға бастады? Жауабы: аптасына 5рет.
52. 1960ж. іске қосылған теміржол стансасы: Достық .
53. 1911ж. Верный қаласында неше балдық жер сілкінісі болды?: Жауабы: 9 балдық.
54. Көне Алматы туралы көргендерін жазып қалдырған Қытай саяхатшысы: Чжан Дэ.
55. Құл ақынның шыққан тегі: Найман руы, Садыр.
56. 1914ж. Жетісу өңірінде неше мектеп болды? Жауабы: 81( 2орта, 1жетіжылдық,
78 бастауыш).
57. Жетісудан шыққан ортағасырлық емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының Шипагерлік баян кітабында өсімдіктің неше түрінен дәрі алынатынын айтқан? Жауабы: 728 түрі.
58. 1879 - 80ж. Жетісу облысында неше дәріхана болды? Жауабы: 9.
59. Түрксібтің түйісуіне арналған митингіде сөз сөйлеген қазақ зиялысы: Т. Рысқұлов.
60. Алғашында Әбдіре бекеті аталған ауыл: Ақсу ауылы.
61. Ақсу ауданы құрылған уақыт: 1930ж. 17 - желтоқсан.
62. Ақсу аудандық газеті Ақсу өңірі шыққан кез: 1934ж.
63. ХVII - ХVIII ғ. Ақсу топырағында туып - өскен батырлар: Бөрібай, Шоңай батырлар.
64. 1958ж. құрылған Ақсу аудандық жергілікті өнерпаздар ұжымына Халық театры атағы берілген жыл: 1959ж.
65. Ақсу қант зауаты салынған жыл: 1967ж.
66. Бұрынғы Қапал ауданындағы Абай ұжымшарындағы ақын Сара ескерткішінің авторы: петербургтік мүсінші М. Ващенко.
67. Жетісудың Балқаштан кейінгі үлкен көлі: Алакөл.
68. Н. Алдабергенов Халық шаруашылық көрмесінің Үлкен Алтын медалімен неше рет марапатталды? Жауабы: 6 рет.
69. Қазақстан Республикасының Президентінің Қ. Р - ның әкімшілік - территориялық құрылымын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы Жарлығымен 1997ж. 22 - сәуірде таратылған облыс: Талдықорған обл.
70. Алматы облысының орталығы Талдықорғанға көшіру туралы Қ. Р. Президентінің жарлығы шыққан уақыт: 2001ж. 14 - сәуір.
71. Ежелгі Жетісу жерінде көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс орныға бастаған уақыт: б. з. б. I мың жылдықтың басы.
72. Жетісу өлкесінің тарихын зерттеуге көп үлес қосқан шығыстанушы ғалым, академик: В. В. Бартольд.
73. Жетісуда Кеңес үкіметін орнату мерзімі: 1917ж. қазан - 1918ж. наурыз.
74. 1975ж. 4 - қарашада құрылған драма театр: Бикен Римова атындағы.
75. Алматы облыстық гербінің авторы: суретші Х. Қиқымов.
76. Алматы облысының гербінде нелер бейнеленген? Жауабы: қанатты барыс, бүркіт басты самұрық құс.
77. Есік обасынан табылған сақ жауынгерінің жасы: 17 - 18жас.
78. Жетісуда 603ж. құрылған қағандық: Батыс Түрік қағандығы.
79. Қарқара - Албан ұлт - азаттық көтеріліс басшыларының бірі: Ұзақ Саурықұлы.
80. Жетісу облысы Дала генерал - губернаторлығынан Түркістан генерал - губернаторлығына енген жыл: 1897ж.
81. 1905ж. 11 - желтоқсанда сайлау заңы бойынша Екінші Мемлекеттік Думаға Жетісудан сайланған: М. Тынышбаев.
82. Есік обасынан табылған күміс тостағанда неше таңба бейнеленген? Жауабы: 26таңба.
83. Жетісу археологиялық экспедициясының мүшесі, Алтын адамды табушылардың бірі, археолог: Б. Нұрмұханбетов.
84. Жетісу аяқ - киім фабрикасы құрылған жыл:1931ж.
85. Ақ гвардияшылдар солтүстік Жетісуды түгелдей басып алған уақыт: 1918ж. қыркүйек.
86. Жетісу Мемлекеттік Универсиетінің алғаш құрылған кезі: 1972ж. 25қазан.
87. Жетісу Мемлекеттік Универсиетіне 1977ж. 10қазанда берілген есім: І. Жансүгіров.
88. 1897ж. 1 - қаңтарда облыс бойынша статистикалық деректер жинау үшін құрылған ұйым: Жетісу статистика комитеті.
89. Спортшы, дзюдо мен самбо күресінің Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ақсу ауданынан шыққан олимпиаданың күміс жүлдегері: А. Житкеев.
90. Құдадғу біліг ( Құтты білік ) дастанының авторы: Жүсіп Баласағұн.
91. Қазақ халқының эпостық шығармалары Ер Тарғын , Қамбар батыр т. б. безендіруге арналған графикалық туындыларымен танымал суретші: И. Исабаев.
92. Алматы облысы бойынша Кеңес Одағы Батыры атағын алғандар саны: 50 - ден аса.
93. Қаракерей Қабанбайдың шын аты: Ерасыл.
94. Қапал бекінісі салынған уақыт : 1847ж.
95. Жетісу жерінде 766 - 940жж. өмір сүрген мемлекет: Қарлұқ қағандығы.
96. Әбілхан Қастеев кімнен тәлім алған? Жауабы: Н. Г. Хлудов.
97. 1972ж. салынған мұз айдыны: Медеу мұз айдыны.
98. 1986ж. бұрынғы Талдықорған ауданы, Шұбар ауылында Социалистік Еңбек Ері болған кімге ескерткіш ашылды? Жауабы: Н. Алдабергеновқа.
99. 1970ж. Сарқант ауданының қай жерінен көне жазу табылды? Жауабы: Көкқия тауы.
100. Жетісу майданы жойылған жыл: 1920ж. наурыз.
Сұрақтар Жетісу энциклопедиясы негізінде құрастырылды.
Бас редакторы Әбдуәли Қайдар мен Ғ. Әнес, Е. Далбағаев, Е. Ерғожин т. б.
Алматы: Арыс баспасы, 2004.