Сақтандыру бағалауы

Скачать

7. Сақтандыру бағалауы – сақтандыру объектісі ретінде құндары бар материалдық құндылықтарды көрсететін мүліктік сақтандыру термині. Сақтандыру бағалауына сақтандыру мақсатында объектінің құнын айқындау жатады. Халықаралық сақтандыруда «сақтандыру құны» деген термин қолданылады.
8. Сақтандыру ауқымы – сақтандыруға болатын объектілердің ең көп мөлшері. Мәселен, мүліктік сақнадыру бойынша белгілі бір аумақ көлемінде сақтандыруға жататын объектілердің саны не болмаса мүлік иелерінің саны сақтандыру ауқымы есептеленеді. Жеке сақтандыруда сақтандыру ауқымы сақтандыру шарты жасалынуы мүмкін жеке тұлғалар санын, не болмаса елді мекеннің тұрғындарының жалпы санын қамтиды.
9. Сақтандыру портфелі – белгілі бір аумақтағы немесе ұйымдағы сақтандырылған объектілердің саны немесе жүретін (ағымдағы) сақтандыру шарттары.
10. Сақтандыру рыногы – сақтандыру қызметін сатып алу – сату жөніндегі экономикалық қатынастардың жүйесі.
11. Сақтандыру пайдасы - сақтандыру қызметінің бағасы мен оны (қызметті) көрсетудің өзіндік құнының арасындағы айырма.
12. Сақтандыру сомасы – сақтандырылған объектілердің ақша қаражаттарының сомасы немесе сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда орындалатын сақтандырушы міндеттемелерінің шекті мөлшері.


Скачать


zharar.kz