АҚШ - тың Ресейге салған санкциялары теңгенің құнсыздануына себеп болуы мүмкін

Скачать

АҚШ - тың Ресейге салған санкциялары теңгенің құнсыздануына себеп болуы мүмкін.

Алдағы уақытта да доллар құны тоқтаусыз өсе беретін сыңайлы. Бұған арзан мұнайдан бөлек, АҚШ - тың Ресейге салып жатқан жаңа санкциялары себеп, деп хабарлайды КТК арнасы. Ақ үй қожайына тиісті жарлыққа бірер күнде қол қояды деп күтілуде.

Конгрестің өткен аптада қабылдаған Ресейге қарсы санциялары туралы Грузияға сапары барысында вице - президент Майк Пенс айтып берді. Құжатқа сәйкес, енді америкалық бизнесмендерге Ресей банктерімен келісім жасауға шектеу қойылған. Бұған дейін қаржыландыру уақыты 90 күн болса енді ол 14 күнге дейін қысқартылды. Сондай - ақ, Ресейдің энергетикалық компанияларымен де арадағы келісім үзілмек. Конгресмендер Арктикадан мұнай өндіретін жаңа жобаларға керекті құрал - жабдық сатуды тоқтатып, егер Ресейге өнімнің 33 пайыздан көп бөлігі тиесілі болса мүлдем қызмет көрсетпеу керек деп отыр. Мұнайға тәуелді Ресей экономикасына бұл айтарлықтай соққы болары сөзсіз. Ал Мәскеуге салынған санкцияның салқыны Қазақстанды да айналып өтпейтіні, бұған дейін дәлелденген.


Скачать


zharar.kz