Функцияның туындысын флюксия деп атаған кім

Скачать

Туындыны есептеу ережелері
Білімнің маңызын Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: Біз өмір бойына жететін білім алу моделінен Өмір бойы білім алып өту моделіне көшуге тиіспіз. Білімді азамат ел ертеңі , Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін - білім деген нақыл сөздер тектен текке айтылмаса керек. Ендеше, біз де осы мақсатпен өз білімдерімізді,, күштерімізді осы сабақта көрсетеді деген үміттемін. Сіздерге сәт - сапар тілеп, сабағымызды бастайық.
Сабақтың тақырыбы: Туындыны есептеу ережелері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың туындыларды есептеу ережелері, күрделі, тригонометриялық функциялардың туындысын, туындының физикалық, геометриялық мағынасы жөнінде алған білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік: шапшаңдыққа, ізденімпаздылыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу, ұжымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу, дағдысын қалыптастыру;
Сабақтың көрнекілігі: қолданатын техникалық құралдар: мультимедия кешені, интерактивті тақта, слайдтар, үлестірілмелі қағаздар, тесттер.
Сабақтың әдісі: ұжымдық оқыту, өзара оқыту, жұппен жұмыс, оқыта үйрету

Сабақтың өтілу барысы:
 1. “Үй тапсырмасын тексеру” (функцияның туындысының қатесін табыңыздар)
 2. “Нысана” (қайталау – білім анасы)
 3. “Формуланы білесің бе?” “дифференциалдау ережелерінің формулалары)
 4. “Мен түсіндім” (деңгейлік тапсырмалар)
 5. “Қолдану” (формулаларды қолданып, тор көздердегі тапсырмаларды орындаңыздар)
 6. “Ойлап, тап” (тест сұрақтары)
 7. “Зеректер” (қандай да бір функцияны формулалармен бер)
 8. Қорытынды
 9. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен, қонақтармен, ұстаздармен амандасу, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, ұялы телефондарын сөндірулерін сұрау.
Біреудің жүрегінің түгі бар,
Біреудің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар.
Бәрінен де басты – барлығының,
Қатты істейтін миы бар.

Сабақтың барысы:
1-кезең “Үй тапсырмасын тексеру” (функцияның туындысының қатесін табыңыздар)
№233 Функцияның туындысын табыңдар (Қатесін тап)
2-кезең “Нысана” (қайталау – білім анасы)

1. айырымы не деп аталады? ( функция өсімшесі)
2. Функцияның өсімшесінің аргумент өсімшесіне қатынасының аргумент өсімшесі нөлге
ұмтылғандағы шегі бар болса, онда ол функциясының нүктесіндегі несі деп
аталады? (туынды)
3. Функцияның туындысын табу қалай аталады? (дифференциалдау)
4. нүктесінде туындысы бар функция осы нүктеде қандай функция деп аталады? (дифференциалданатын)
5. Функцияның туындысын флюксия деп атаған кім? (Исаак Ньютон)
6. Туындының геометриялық мағынасы деген не? (функцияның графигіне жүргізілген жанаманың бұрыштық коэффициенті)
7. Айнымалы шамалардың өсімшелерін белгілеу үшін гректің әрпін қолданған кім? (Леонард Эйлер)
8. Жылдамдықтың уақыт бойынша алынған туындысы қалай аталады? (үдеу)

Көкше академиясы құрамындағы колледжінің
математика пәнінің оқытушысы
Нурсеитова Райхан Зайнулкабиденовна

Туындыны есептеу ережелері. жүктеу


Скачать


zharar.kz