Өзін өзі тану пәні мұғалімі Мустафина Гульмира Куанышевна7 сыныпҒаламшар ғажаптарыМақсаты: оқушыларға ғалам құндылығы туралы білім беру

Скачать

Өзін өзі тану пәні мұғалімі Мустафина Гульмира Куанышевна

7 сынып
Ғаламшар ғажаптары

Мақсаты: оқушыларға ғалам құндылығы туралы білім беру.
Міндеттері:
- оқушыларға болмыс, жаратылыс, ғалам туралы түсінік беру;
- қоршаған жаратылысқа деген жасампаздық көзқарастарын қалыптастыру;
- қоршаған жаратылысқа деген ізгі қарым - қатынасқа тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: фотосуреттер, үнтаспа.
Шаттық шеңбері:
Мұғалім оқушылармен амандасқаннан кейін оларды шаттық шеңберіне шақырып, Т. Мұхаметжановтың Құс жолы әнін қосылып орындайды.

Әңгімелесу:
Оқулықта берілген сұрақтарға сүйене отырып, бұл әдістемелік тәсілде мұғалім адамның қоршаған ортамен байланысы, оның сырларын білуге ұмтылысы туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қоршаған ортаны қабылдауда адам қандай сезімдерге бөленеді?
Адамның қоршаған ортамен байланысы оның өз өмірінен қалай көрінеді?
Айналамыздағы әсемдікті сезіну үшін сендерге не көмектеседі?

Мәтінмен жұмыс:
Оқушылардың оқу ақпаратынан алған түсініктерін кеңейте түсу мақсатында Ұ.Доспанбаевтың Ғарыш әні атты әңгімесін оқу тапсырылады.
Автор адамның ғарышпен байланысын не арқылы көрсетеді?
Ғарыш әні қандай болу керек деп ойлайсың?
Айналамыздағы әсемдікті сезінуге сендерге не көмектеседі?
Қоршаған ортадан еш сұлулықты көрмейтін адамдар бола ма?
Адам сұлулықты сезінуі үшін не істеуі керек?

Дәйексөз:
Дәйексөз айдарымен берілген Ғаламның ғажайып сыры - адамда деген Чарльз Дьюктің нақыл сөзін оқып, талдау жасағаннан кейін мұғалім өзі қорытындылайды. Дәйексөзде болмыстың ең керемет туындысы адам екендігін, оның мүмкіншілігінің шексіздігі, өмірдегі жетістіктердің көпшілігі адам еңбегінің түсіндіру мақсат етіледі.

Жүректен жүрекке:
Сабақтың соңында оқушылар шеңберге тұрып, Ж.Сыздықовтың Кереметтің кілтін бер өлеңін бір немесе бірнеше оқушы оқып, бір - біріне ризашылығын білдіреді. Мүмкіндік болса, жақсы әуенмен сүйемелдеуге немесе фонограмма қосуға болады.


Скачать


zharar.kz